Қазіргі таңда сервистік полицияны жүзеге асыруға көп көңіл бөлініп, нақты жоспарлармен тыңғылықты жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. Міне осы тұрғыда учаскелік полиция инспекторларына көп міндет жүктеліп отыр. Ал мұндай жауапты міндетте белсенді қимылдап, қазақ полициясының беделін көтеріп жүрген қызметкерлер баршылық. Солардың бірі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Асқат Асқаров. Болашақ сақшы қазақ полициясы алғаш құрылған жылы Түркістан облысы Мақтаарал ауданында дүниеге келді. Отбасында ешкім құқық қорғау саласында қызмет етпесе де, ол жастайынан өз алдына оңаша қиялдап, полицейді болуды армандайтын. Қазақ полициясымен бірге тәй-тәйлап өскен Асқат мектеп бітірген соң, ешқайда алаңдамай заңгер мамандығын ойдағыдай бітіріп шықты. Содан 2011 жылы Астана күзет қызметінде 1 жыл тәжірибе жинап, туған жеріне Мақтаарал АПБ-ға криминалист болып қызметке орналасты. Ал 2013 жылы учаскелік полиция инспекторы лауазымына тағайындалып, 9 жылдан бері осы қызметте аянбай еңбек етіп жүр.
-Учаскелік полиция инспекторына тағайындалған соң бұл лауазымға қызығушылығым еселене түсті. Күнделікті қылмысты болдырмау, құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтарға дер кезінде көмек көрсету сынды қарбалас жұмыста үнемі сергек жүресің. Уақыттың қалай өтіп кеткенін білмейде қаласың. Бізге негізгі артылатын міндет қылмысты болдырмау , яғни қандай жағдай болмасын кез-келген тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалардың дер кезінде алдын-алып, қылмысқа дейін жеткізбеу. Қазіргі таңда сервистік моделмен жұмыс істеуге дағдыланып жүрміз. Тұрғындармен сыпайы қарым-қатынас, көмекке мұқтаж адамдарға жылдам әрекет етіп, көмек қолын созу. Жалпы тұрғындарға біз халықтың қорғаны екенімізді ұғындырып, сеніміне ие болу және сол сенімдеріне селкеу түсірмеу. Менің отбасым да құқық қорғау саласына қызығушылық танытқан менен басқа ешкім жоқ. Бірақ өз жолымды, өз болашағымды осы саламен тікелей байланысты екенін түсіндім де, көп уақытымды жұмысқа арнадым. Қазірде солай күн, түн демей қоғамдық тәртіпті сақтауға, азаматттардың жайлы қоғамда емін-еркін өмір сүруіне ықпал жасауға тырысып жүрмін.
Полиция капитаны 30 жыл уақыт ішінде атқамінер 2 ізбасары мен кесте тігер 1 бүлдіршінін ақылды қылып тәрбиелеп, өнегелі әке атанып отыр. Қызметі де аудан тұрғындарымен үнемі қарым-қатынас жасап отыру болғандықтан, кез-келген адаммен тез тіл табысып, қашанда ақкөңіл қасиетінен айныған емес. Әріптестеріде оның қандай білікті де талапты қызметкер және Отанына берген антына адал перзент екенін жоққа шығармайды.