Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Тұрғын үйге ұрлыққа түсіп, өзбек сомын ұрлаған күдікті ұсталды

Тұрғын үйге ұрлыққа түсіп, өзбек сомын ұрлаған күдікті ұсталды

Бөтеннің меншігіне қарсы жасалатын қылмыстардың ең көп тараған түрлерінің бірі ұрлау, тонау, алаяқтық, қарақшылық болып есептеледі. Бүгінде бөтеннің мұлігіне қол сұғу тыйылар емес.

Тұрғын үйге ұрлыққа түсіп, өзбек сомын ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Сарығаш аудандық полиция бөліміне ер адам арызданған. Оның айтуынша, 16:00 шамасында тұрғын үйіне белгісіз біреу кіріп, жиhаз тартпасында тұрған Өзбекстан Республикасының 1 500 000 сом купюрасын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы  Қылмыстық Кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Ақпарат алған бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден жетті. Олар жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алады. Нәтижесінде күдікті ретінде бұрын сотты болған жергілікті тұрғын ұсталды.

Анықталғандай күдікті ер адам үйде ешкім жоқтығын пайдаланып ұрлыққа түскен. Күдікті қамауда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда ер адамның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері, азаматтарға қырағы болу және өз үйлерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сіздің мүлігіңізге қылмыстық қол сұғушылықты болдырмау үшін, терезелер мен есіктерді темір торлармен және сенімді құлыптармен бекіту керек. Тіпті аз уақытқа болсын үйден шықсаңыз, сыртқы есіктер мен терезелерін мықтап жауып жүріңіз. Сондай-ақ мүмкіндігінше үйлер мен кіреберістерде бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатыңыз. Пәтер ұрлығы болған жағдайда, жедел түрде “102” телефоны бойынша полицияға хабарласу қажет, бұл полиция қызметкерлеріне қылмысты “ізін суытпай” ашуға көмектеседі.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*