Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Спортшы полицейлер марапатталды

Спортшы полицейлер марапатталды

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, Полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, спортшы полицейлерді жеңістерімен құттықтап марапаттады,  деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысында құқық қорғау саласында атқарылып жатқан жетістіктер жетерлік. Бүгінде тәртіп сақшылары қоғамдағы құқықты қорғаудан бөлек түрлі салаларда биік жетістіктерге жетіп жүр. Спортты жанына серік еткен тәртіп сақшыларының қоғам тыныштығын қорғауда да қырағы болары сөзсіз.

Соның бір дәлеліндей жуырда ғана түркістандық полицейлер спорттық сайыстардан қанжығалары майланып қайтты. Әрі бұл жетістіктері бас полицейдің назарынан тыс қалған жоқ.

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов әрқашан жеке құрамға қолдау көрсетіп, қажет болса еңбегіне қарай мақтап-марапаттап отырады. Мұның барлығы полицейлер үшін үлкен демеу, ынталандыру. Дәл осындай салтанатты сәт мәжіліс залында ұйымдастырылып, облыстың бас полицейі М.Қабденов, спорттық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған тәртіп сақшыларына тиісті марапаттарын табыстады.

Аталған жарыстарға Түркістан облысы Полиция департаментінің атынан жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері қатысып, полиция имиджін көтеруге үлкен үлесін қосты. Олар спортты серік етіп шыныққан, қиын да қауіпті қызметі мен жаттығуды қатар алып жүрген батыр полицейлер.

Сондықтан бұл жолғы марапаттау рәсімі балуандарды құрметтеуден басталды. Оның ішінде жаны нәзік болса да, ерлермен қатар ішкі істер саласында қызмет етіп жүрген полиция лейтенанты Айнұр Ақжігітова бар. Ол Нұр-Сұлтан қаласында Белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында I-орын және Кураш күресінен ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионатында III-орын иеленді.

Біз де жүлделі орындарға ие болған полиция қызметкерлерін құттықтаймыз. Алар асуларыңыз бен шығар белестеріңіз көп болсын! Алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*