Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полицейлер түрлі спорттық жарыстарға белсенді қатысуда

Полицейлер түрлі спорттық жарыстарға белсенді қатысуда

Тәртіп сақшылары қылмыспен күресу жолында ғана емес, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, түрлі спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

Атап айтар болсақ, Кураш күресінен ерлер мен әйелдер арасында өткен Чемпионатта полиция лейтенанты Сәкен Жақсыкелді III-орынмен марапатталды. Ал полиция аға лейтенанты Ерболат Алиакбаров, Түркістан қаласында Астана күніне орайластырылған қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирге қалалық іріктеуге қатысып, түйе палуандар арасында III-орын және Алматы қаласында өткен спорттық самбо күресінен III–орынды иеленді. Ал жеке құрам арасында «чемпион қыз» аталып кеткен полиция лейтенанты Перизат Жақыпбекова, өзінің кәсіби шеберлігі мен мықтылығын таныта білді.

Осылайша Орал қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасында дзюдо күресінен, Кеңес одағының батыры М.Мәметованы еске алуға арналған Х ашық республикалық турниріне қатысып, жүлделі I–орынды қанжығасына байлады. Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері арасында спорт сайысының жеңімпаздары мұнымен толастамайды.

Мәселен Алматы қаласында өткен спорттық самбо күресінен I–орын және Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында өткен «Динамо»-ның 2022 жылға арналған спорттық күнтізбелік жоспарына сәйкес, «Қазақша күрестен» 82 келі салмақ дәрежесінде I-орын иеленіп, «Динамо барысы» атанған полиция лейтенанты Еркеғали Қуандық та марапатталды. Алматы қаласында өткен спорттық самбо күресінен ІІ-орын алған полиция аға лейтенанты Бексұлтан Оразымбет, ал ІІІ-орынды полиция лейтенанты Айбек Эрметов пен полиция капитаны Сабыржан Әбілдаұлы да полиция генерал-майоры М.Қабденовтің марапатына ие болды.

Сонымен қатар волейболдан Қазақстан Республикасының ХХХ-Чемпионатының 5 тур нәтижесі бойынша Түркістан облысының «Тұран-Динамо» командасы ІІ-орынды иеленген. Осылайша «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған полицейлерге әрдайым жеңіс тұғырынан көрініп, қызметте өсе беріңіздер дегіміз келеді. Түркістан облысы Полиция департаменті спортшы сақшылары сенімді ақтап, Қазақстан республикасына адал қызмет етулеріне тілектестер көп. Алдағы уақытта өз қызметтерін абыроймен атқарып жүрген полицейлер басқа салаларда да биік белестерді бағындырары сөзсіз.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*