Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полицейлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өткізді

Полицейлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өткізді

Түркістан олысы Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең көлемде жиын өтті, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Сыбайлас жемқорлық – адамның қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Жемқорлықты – пара беру және алу. Онымен күресу барша адамның міндеті. Осындай қылмысты болдырмау және алдын алу мақсатында өткен жиналысқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ержан Жүнісов пен қоғамдық кеңес төрағасы Бахыт Омарбеков, полиция қызметкерлері қатысты. Шараның мақсаты – елімізді қорғау саласына өз үлестерін қосып жүрген полицейлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу. Кездесу кезінде сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл осы бойынша әрбір бөлім қызметкерлеріне түсіндіру, ескерту жұмыстары жүргізілді.

Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың туындауына байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Жиналғандар қоғамда белең алған бұл індеттің алдын алып, жұмыла күресетіндігін жеткізді.

Сондай-ақ заңсыз сыйақы әрекеттеріне қомақты айыппұл салынатындығы да ескертіліп, барша қызметкерлерді жемқорлыққа жол бермеуге шақырды.

Кездесу барысында жиынға қатысқандар өздерінің ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың зардабы мен бұған қарсы атқарылатын жұмыстар талқыға түсті. Шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту мақсатында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға жоспар құрылып, нақты міндеттер қойылды.
Бұл шаралардың барлығы жемқорлық фактілерін азайтуға бағытталған. Жиын соңында осы дертті жою мақсатында атқарылуы керек жұмыстар баса айтылып, бөлім басшыларына ауқымды тапсырмалар берілді. Сыбайлас жемқорлық індетін жою — баршамыз үшін міндет.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*