Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полицейлер ауыл тұрғынының үйінен есірткі затын тәркіледі

Полицейлер ауыл тұрғынының үйінен есірткі затын тәркіледі

Полицейлер ауыл тұрғынының үйінен есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Төлеби аудандық полиция бөліміне ауыл тұрғындарының бірінен хабарлама келіп түскен. Әйел адам онда өз танысының есірткіге ұқсас өсімдік өсіретіндігі туралы айтқан. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы  Қылмыстық Кодексінің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркеуге алды.

Осы жайтқа байланысты аудандық полиция қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды. Олар күдікке ілінген азаматтың жеке басын анықтап, тұрғылықты мекенжайына шықты. Полицейлер оның үйін тінту кезінде ауласында өсіп тұрған есірткіге ұқсас өсімдікті тапты. Полицейлер оны айғақты зат ретінде тәркілеп, сараптамаға жолдады. Сараптама қорытындысына сәйкес аталған өсімдіктер «сора» есірткі заты деп анықталды. Полиция қызметкерлері ауыл тұрғынының үйінде есірткі заты бар өсімдіктерді қандай мақсатта өсіргенін және қандай мақсатта сақтағанын анықтауда.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Жалпы, мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты есірткі құралдарының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, күдіктілерді есірткіні сақтау мен өткізу кезінде ұстау, құрамында есірткісі бар өсімдіктердің заңсыз егілуі мен есірткіні жеткізу арналарын және басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау мен жою болып табылады.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға заңсыз есірткі затын өсіру, баптау, тасымалмен айналысу қатаң жазаға тартылатындығын ескертеді. Бұндай өсімдіктер адам денсаулығына аса зиян келтіретіндігін еске салады.

Сондықтан заңсыз әрекеттерге бармаңыздар!

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*