Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» жұмыс ауқымы кеңейген. Мұнда арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерінің саны да артып келеді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева қаладағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. 2019 жылы құрылған орталықта қазіргі таңда 500-ден астам зейнеткерге қызмет көрсетілуде.
Сенат депутаты дәрігерлік тексеру (терапевт, невропатолог, физиотерапевт, психолог), еңбек, музыка, бейнелеу өнері (ART терапия), қыш өнері (ART ELAY), компьютерлік сауаттылық және тағы басқа бөлімдерді аралап көрді. Ләззат Молдабекқызы орталықтың жұмысын оң бағалап, қаладан мұндай әлеуметтік медициналық оңалту орталықтарын көптеп ашу қажеттігін атап өтті.
Орталықтың үш қабатты ғимараты заманауи тұлғаға қажетті барлық жағдаймен қамтамасыз етілген. Бүгінде бұл орталыққа келетін қариялардың саны көп. Шымкентте құрмет демалысына шыққан қала тұрғындарының спортпен шұғылданып, тынығуына барлық мүмкіндік бар.Сауықтыру мекемесінде зейнеткерлерге күнделікті 2 ауысымда 4 сағаттық арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері ұсынылады. Қарияларға қызмет көрсету үшін кардиолог, терапевт, невропатолог және физиотерапевт дәрігерлері жұмылдырылған. Сондай-ақ, зейнеткерлердің емдік дене шынықтырудан бастап йога, би, бильярд, үстел теннисімен шұғылдануға мүмкіндігі бар.
Айта кетсек, 2021 жылдың желтоқсан айында орталықтың қосымша бөлімшесі ашылды. Онда зейнет жасындағы азаматтарға 4 сағатқа дейінгі арнаулы әлеуметтік қызметтер және жалғызбасты қарттарға 8 сағатқа дейін жартылай стационар жағдайда қызмет түрлері көрсетілуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*