Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Руханият (страница 5)

Руханият

ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ТАРИХТА ЕСІМІ ҚАЛҒАН АНАЛАР ДӘРІПТЕЛДІ

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық әкімдіктің және Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ даласындағы тарихта есімі қалған аналарымыздың келбеті және ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі мен орны» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, алғы сөз сөйледі. Сондай-ақ Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев құттықтау лебізін білдірді. Шараның басты мақсаты – қазақ тарихында ерекше орын алған ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЯСАУИТАНУ – 2026» БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Түркістан қалалық Мәдениет үйінде мектеп оқушылары арасындағы дәстүрлі «Ясауитану – 2026» республикалық байқауы жоғары деңгейде өтті. Байқау аясында оның тарихына арналған фотокөрме ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Қожа Ахмет Ясауи мұрасын терең зерттеп, кеңінен дәріптеудің маңызын атап өткен ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, «Қазақстанның Еңбек Ері» Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Сана биігіндегі заңғар тұлға» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Іс-шара ақынның елдік мұратын, азаматтық ұстанымын және ұлттық сананы көтерудегі шығармашылық мұрасын дәріптеуге бағытталды. Кеш барысында Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры, ақын Айдар Бастарбекұлы, кітапхана директоры Жанат Сәдібекқызы және облыстық ...

Читать далее »

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚАЗАҚТЫҢ ӘН ЖӘНЕ ТЕРМЕ ӨНЕРІН НАСИХАТТАП ЖҮРГЕН ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров мәдениет саласының өкілі, дәстүрлі ән өнерін насихаттап жүрген әнші, термеші Татьяна Бурмистровамен кездесті. Кездесу барысында ұлттық өнерді дамыту, дәстүрлі ән мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізу мәселелері талқыланды. Әсіресе, қазақтың төл мәдениетінің ажырамас бөлігі саналатын терме мен дәстүрлі ән жанрын кеңінен насихаттау бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды. Татьяна Бурмистрова – ұзақ жылдар бойы қазақтың дәстүрлі ән өнерін ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: «ФАРАБ» КІТАПХАНАСЫНДА АЙТЫСКЕР АҚЫН БЕКАРЫС ШОЙБЕКОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Түркістандағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында белгілі айтыскер ақын, Қазақстанның мәдениет қайраткері, «Парасат» орденінің, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының және «Алтын домбыра» жүлдесінің иегері Бекарыс Шойбековтің «Айтыстың алтын айдары» атты кездесу кеші өтті. Салтанатты шарада облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әділ Қонысбеков құттықтау сөз сөйлеп, ресми түрде ашып берді. Жиында «Айтыстың алтын айдар Бекарысы» атты 4 томдық жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті. ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: «ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМДА ДІННІҢ АЛАТЫН ОРНЫ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен, басқарма жанынан құрылған «Ынтымақ-Түркістан» клубының аясында «Зайырлы қоғамда діннің алатын орны» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға облыстық дін істері басқармасының басшылығы мен қызметкерлері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілдері, христиандық конфессия өкілдері, қала және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиынның мақсаты – түрлі сенім мен дін ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ДАҢҚТЫ БАЛУАН ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСҰЛЫНЫҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Түркістан облысы Ордабасы ауданында қазақ халқының даңқты перзенті, әлемге әйгілі балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Мерекелік іс-шара аудан орталығы Темірлан елді мекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мәдени-спорт кешенінде ұйымдастырылды. «Қажымұқан – даланың дара батыры» атты салтанатты іс-шара аясында тағылымды басқосу ұйымдастырылып, оған зиялы қауым өкілдері, спорт ардагерлері, еліміздің әр өңірінен келген Қажымұқан бабамыздың ұрпақтары және қонақтар ...

Читать далее »

АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасында Жеңістің 80 жылдығына арналған облыстық патриоттық әндер байқауы өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Мерекелік рухта өткен тағылымды шараға облыстың барлық аудан-қалаларынан келген, жасы 60-тан асқан ардагерлер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Іс-шараның ашылу салтанатында Түркістан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов және Түркістан облысы мәдениет басқармасының бөлім басшысы ...

Читать далее »

ЕЛШИЕВ БАЛҒАБАЙ ТЕЗЕКБАЙҰЛЫНА – 70 ЖЫЛ!

Бүгін – қазақ спортындағы ірі тұлғалардың бірі, ел спортының өркендеуіне бар ғұмырын арнаған арда азамат, Елшиев Балғабай Тезекбайұлының 70 жылдық мерейтойы! Бұл – бір адамның ғана емес, тұтас ұрпақтың, бір өңірдің және бүкіл қазақ елінің мерекесі десе артық айтпас едік. Себебі, Балғабай Тезекбайұлы – өзінің тындырымды еңбегімен, парасатты болмысымен, іскерлігімен еліміздің спорт тарихында өшпес із қалдырған қайраткер. Балғабай Тезекбайұлы 1955 ...

Читать далее »

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ, САЛТ-ДӘСТҮР — ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

17 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні». Бұл күні халқымыздың мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрі ұлықталады. Барлық іс-шалар мәдениетімізді, өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналады. Қазақ халқының басты құндылықтарының бірі — салт-дәстүрі. Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрге ерекше қарап, әрбірін керек жерінде орындап, сақтап отырған. Халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғысы, наным-сенімі мен ұлттық ұстанымын насихаттау ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, тәрбиенің бастамасына айналды. Сондықтан, ...

Читать далее »