Түркістан облысы Ордабасы ауданында қазақ халқының даңқты перзенті, әлемге әйгілі балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Мерекелік іс-шара аудан орталығы Темірлан елді мекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мәдени-спорт кешенінде ұйымдастырылды. «Қажымұқан – даланың дара батыры» атты салтанатты іс-шара аясында тағылымды басқосу ұйымдастырылып, оған зиялы қауым өкілдері, спорт ардагерлері, еліміздің әр өңірінен келген Қажымұқан бабамыздың ұрпақтары және қонақтар ...
Читать далее »Түркістан
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАЙДАРМАН» ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ
Кентау қаласында республикалық деңгейдегі «Жайдарман» ойындары жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Көңілді тапқырлар сайысын елімізге танымал «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті, «Құрмет» орденінің иегері Есентүгел Елеукен жүргізіп, кештің атмосферасын айрықша өрнектеді. Кентау қаласы әкімінің кубогы сарапқа салынған додаға еліміздің әр өңірінен және шетелден келген 12 команда қатысты. Атап айтқанда, Шымкент, Сарыағаш, Астана, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Абай облыстарының командалары және ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: ЖӘРДЕМАҚЫҒА ТӘУЕЛДІЛІКТЕН АРЫЛТУ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚАДАМ ЖАСАЛАДЫ?
Цифрлық отбасы картасында «D» және «E» деген санат бар. Анықтама бойынша «D» санатына – әлеуметтік жағдайы тұрақсыз, табысы төмен немесе еңбекке қабілетті, бірақ жұмысы жоқ азаматтар енеді, ал «E» санатына әлеуметтік жағдайы өте нашар, шұғыл мемлекеттік көмек пен қолдауды ең қажет ететіндер енеді. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатыстыру мүмкіндіктерін қарастыра отырып, осы екі санатқа енгендер қатарын ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРУ ТӘЖІРИБЕСІ БАСҚА ОБЛЫСТАРДА ҚОЛДАНЫЛАДЫ
ҚР Премьер–министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысындағы шағын өндірістік парктерді құру тәжірибиесін еліміздің басқа өңірлерінде қолдану жоспарлануда. Мәселесін пысықтау мақсатында Қаржы, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі және еліміздегі барлық облыстардан жалпы 40-қа жуық делегация өкілдері Түркістан облысына арнайы іссапармен келді. Іссапармен барысында делегация Сауран ауданындағы «SAURAN» өндірістік паркінде болып, жаңбырлатып суғару технологияларын шығаратын «BNK Group», жиһаз өнімдерін өндіретін «Aqniet ...
Читать далее »ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ҚҰРМЕТІНЕ
Кеше Премьер-министр Олжас Бектенов, Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері, облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, сондай-ақ Конституциялық комиссия мен Жалпыұлттық коалиция мүшелері қатысқан алқалы жиын өтті. Жиын басында Құрмет қарауылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын салтанатты түрде ортаға алып шығып, ...
Читать далее »РУХЫ МЫҚТЫ ЖАНДАРДЫҢ ЭНЕРГИЯСЫ: ШЫМКЕНТТЕ IV «ЖІГЕРЛІ ЖҮРЕК» ФОРУМЫ ӨТТІ
Шымкент қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті. Ауқымды іс-шара белсенді азаматтарды, ерекше балалардың ата-аналарын, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен бизнес өкілдерін бір алаңға біріктірді. Жастар ресурстық орталығында өткен форумның басты мақсаты – инклюзивті қоғамды дамыту, ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен олардың отбасыларын қолдау, сондай-ақ білім алу, жұмысқа орналасу және әлеуметтік тұрғыдан өзін жүзеге асыру үшін ...
Читать далее »САУРАН АУДАНЫНДАҒЫ СУ МӘСЕЛЕСІ КҮН ТӘРТІБІНДЕ
Сауран ауданында тұрғындардың күнделікті тұрмысына тікелей әсер ететін өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. «Басқармалар үйінде» аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте су жүйесінің жай-күйі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының дамуы, сондай-ақ 2025 жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен 2026 жылға арналған нақты жоспарлар назарға алынды. Жиынның күн тәртібіндегі алғашқы мәселе «Сауран Су» МКК-ның қызметіне арналды. Кәсіпорын басшысы Мақсат Жарменов өткен жылы ...
Читать далее »САУРАН АУДАНЫ ӘКІМІ ЖАЙДАРМАН ФИНАЛИСТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров «Жайдарман» ойынының финалдық кезеңіне жолдама алған командалар құрамымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Еркін форматта ұйымдастырылған жүздесуде аудан басшысы жастармен ашық әңгіме өрбітіп, олардың өнерге, қоғамға деген көзқарасы мен белсенділігін ерекше ықыласпен тыңдады. Кездесу барысында Мақсат Таңғатаров «Жайдарман» тек ойын-сауық алаңы ғана емес, жастардың ой-санасын қалыптастыратын, шешендік қабілетін арттыратын, қоғамдағы өзекті мәселелерді астарлы ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН «ХИКВИЖН ҚАЗАҚСТАН» КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Hikvision Kazakhstan» компаниясының өкілдерін қабылдады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Кездесу барысында облыс басшысы өңірде ІТ және цифрландыру саласын дамытуға ерекше мән беріліп отырғанын атап өтті. Нұралхан Көшеров 2026 жылы Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланғанын еске салып, өңірде осы бағытта білім беру мен технологиялық жобаларды іске асыруға қолдау көрсетілетінін жеткізді.– Біз сіздердің ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІ ЖЕРГІЛІКТІ АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІН ТҰТЫНАДЫ
Түркістан облысындағы әлеуметтік мекемелер жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтылуда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Бұл мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен ауыл шаруашылығы саласындағы өнімдерді ішкі нарыққа өткізу мәселелері жөніндегі мәжілісте жан-жақты қаралды. Кездесу барысында өңірлік басқармалар мен аудан, қала әкімдеріне әлеуметтік мекемелерді отандық өніммен қамтамасыз етуге ерекше басымдық беруге, жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға тапсырма берілді. Әлеуметтік салаға ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары