Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан (страница 56)

Түркістан

Ынтымағымыз жарасқан…

Астана қаласында өткен қазақ-өзбек бизнес форумына Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер Палатасы бастаған 20-дан астам кәсіпкер қатысты. Екі жақтың арасындағы сауда-саттық пен ынтымақтастықты нығайтатын аталмыш форумда В2В форматында келіссөздер жүргізіліп, онда оңтүстікқазақстандық делегаттар фарм өнімдері нарығының өрісін кеңейтуге қол жеткізді. Яғни, бизнес өкілдерінің басы біріккен жиында «Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық кластер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Б.Нұрмашев пен өзбекстандық «Узфармсаноат» мемлекеттік акционерлік ...

Читать далее »

Жұмыс тобының іс-сапары

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған жұмыс тобы Өзбекстан Республикасына барды. Делегация құрамында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және индустрия, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласына жауапты өкілдер болды. Шекаралық аймақтағы қазақ-өзбек қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеру мақсатында ұйымдастырылған іссапар барысында оңтүстікқазақстандық делегация мүшелері ел астанасы – Ташкенттің сәулеттік сәнімен танысып, инфрақұрылым жүйесіне мән беру, ауыл шаруашылығын дамыту тәжірибесін бөлісу, бауырлас елдің ...

Читать далее »

Жаңа тағайындау

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымына Арман Сәбитұлы СӘБИТОВ тағайындалды. Арман Сәбитұлы СӘБИТОВ 1984 жылы туылған, білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің аспирантурасын бітірген. Мамандығы бойынша экономист, экономика ғылымдарының кандидаты, мемлекеттік аудитор. Еңбек жолын «Азаматаудит» ЖШС аудиторлық мекемесінде аудитордың ассистенті болып бастаған. 2004-2011 жылдары аудитордың ...

Читать далее »

Тағайындау

Мемлекет басшысының Өкімімен Оңдасын Сейілұлы Оразалин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылып, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Читать далее »

Шымшаһардың шуақ шашуы…

Кеше киелі Түркістан қаласында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» іс-шарасы аясында Наурыз мерекесі тойланған болатын. Ал бүгін сол мерекенің жалғасындай болып Шымкент қаласында Наурыз мерекесі аталып өтті. Миллионға жуық халқы бар шаһарда өткен мерекеге жиналған жұрттың санында есеп жоқ. Керемет көңіл күй мен басталған шараның шымылдығы ат спортымен өткен жарыспен түрілді. Мұнан соң «Шашу» хореографиялық композициясы орындалып, 60 домбырашы ...

Читать далее »

Ғылыми түйін…

Бүгін түркі жұртының рухани астанасы – Түркістан шаһарында «Түркістан және Түркология» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Түркологияның өзекті мәселелері ғылыми талқыға түскен алқалы жиынға алыс-жақын шетелдер мен қазақстандық 100-ден аса ғалымдар мен қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты. Отырысқа модераторлық еткен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев бүгінгі ғылыми басқосу тілі, ділі, діні, тегі бір түркі халықтарының мәдени ықпалдастығы мен өркениет ...

Читать далее »

Түркістандағы торқалы той!

Түркістан қаласында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы тойлануда. Думанды Наурыз той мерекесіне орай, Қожа Ахмет Ясауи кесене маңында этно ауыл құрылып, онда ұлттық нақыштағы киіз үй әбзелдерімен әрленген 12 қанатты 33 киіз үй тігілді. Дастарханға ұлттық тағамдарымыз – қазы-қарта, жал-жая, қымыз, шұбат, наурыз көже, құрт, ірімшік, сірне, қаймақ, бауырсақ, ши бауырсақ, жент ...

Читать далее »

Шипажайлар мекені, халің қалай?

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданында болып, бірқатар нысандарды аралады. Алдымен, аймақ басшысы Сарыағаш қаласындағы 36 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйдің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, пәтер кілттерін тапсырды. Сондай-ақ шара барысында облыс басшысы Ұлы Отан соғысының ардагері Александр Денисенконың үйіне кіріп, қуанышымен бөлісті. «Біз сіздерді әрқашан мақтан тұтамыз, құрметтейміз. Сіздер ...

Читать далее »

Ардагер ме, абыз ба, ақсақал ма?

Кейде жақсы бір бастаманы салқын сөзбен су сепкендей етіп жіберу әбден мүмкін. Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары облыс орталығында тұратын зиялы қауым өкілдерімен кездеспек ниетте, қала әкімдігінде алқалы жиын өткізіп, оған бірқатар «ардагерді» шақырды. Ащы болса да, шындықтың бет-пердесін ашуға тура келіп отырғаны – жиі-жиі өткізіліп тұратын осы тектес үлкенді-кішілі шараларға шақырылушылар тізімі өзгеріссіз қатып қалған күйі сақталатыны неліктен?!. Қайран қаласың!.. ...

Читать далее »

Цойға – ескерткіш! Қонаев пен Асқаровқа – жоқ!..

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров маңызды шешім қабылдады. Ол Қарағандының орталығында әйгілі әнші Виктор Цойға ескерткіш орнатуды қолдайтынын білдірді. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев та қарағандылық әріптестерінен қалыспай, қала аумағынан бірнеше жылдан бері орын таппай жүрген Дінмұхамед Қонаев пен Асанбай Асқаровтың ескерткішін орнатуға жылы қабақ танытса, нұр үстіне нұр болар еді… Виктор Цойға ...

Читать далее »