Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам (страница 178)

Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ ТОП ЖАРДЫ

Түркістанда алғаш рет техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері арасында республикалық спартакиада өтті. Аталған іс-шара 2022 жылғы 9-12 маусым аралығында өтіп, спорттың 4 түрінен (волейбол (ерлер, қыздар), футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ) колледж педагогтері мен қызметкерлері өзара бақ сынасты. Басты мақсат — жалпы білім беру ұйымдарында қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, насихаттау. Жарыс түрлері ...

Читать далее »

КЕЗЕКТІ КЕҢЕС ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫМЕН ӨТТІ

Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысы әр апта сайын әр аудан жастарымен мүшелерінің кезекті отырысы Әл-Фараби ауданының жастарымен өтті, деп хабарлайды қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталыққа  сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Кездесуге Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері қатысты және жастар қатысты. Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ӨНЕРПАЗДАРЫ АЛМАТЫДА «ШАРЫҚТАСЫН ШӘМШІНІҢ АСЫЛ ӘНІ» АТТЫ КОНЦЕРТ ӨТКІЗДІ

Алматыда Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұжымының ән падишасы Ш.Қалдаяқовтың әндерін насихаттау мақсатында «Шарықтасын Шәмшінің асыл әні» атты концерті өтті. Кеш шымылдығы Сабырхан Асановтың сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Отырардағы той» әнімен ашылды. Концерт барысында филармония әншілерімен қатар, кеш қонақтары ҚР Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Сәбира Әбдірайымова, Талғат Күзембаев, Жұбаныш Жексенұлы, Алтынай Жорабаева өнер ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ДӘРІГЕРЛЕРІ АСА КҮРДЕЛІ ОТАНЫ СӘТТІ ЖАСАДЫ

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында денсаулығына қауіп төнген науқасқа құрсақ қолқасының аневризмасын эндопротездеуі отасы сәтті жасалды. Облыстық клиникалық ауруханасында озық ангиографиялық кешеннің пайда болуымен дәрігерлер командасы құрылып, МӘМС жүйесінде жоғары технологиялық медициналық көмектің осы түрі енгізілген болатын. Шұғыл көрсеткіші бар патологиясымен түскен науқасқа барлық ықтимал қауіптер ескеріле отырып, құрсақ аортасының аневризмасын эндопротездеу туралы шешім қабылданды. Жеке стент-графт таңдалды. Тамыр хирургиясы бөлімшесінің ...

Читать далее »

Полицейлер ауыл тұрғынының үйінен есірткі затын тәркіледі

Полицейлер ауыл тұрғынының үйінен есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Төлеби аудандық полиция бөліміне ауыл тұрғындарының бірінен хабарлама келіп түскен. Әйел адам онда өз танысының есірткіге ұқсас өсімдік өсіретіндігі туралы айтқан. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы  Қылмыстық Кодексінің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша ...

Читать далее »

Полицейлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өткізді

Түркістан олысы Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең көлемде жиын өтті, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Сыбайлас жемқорлық – адамның қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Жемқорлықты – пара беру және алу. Онымен күресу барша адамның міндеті. Осындай қылмысты болдырмау және алдын алу мақсатында өткен жиналысқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ...

Читать далее »

БЕЛСЕНДІ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАЛҒЫЗІЛІКТІ ҚАРИЯЛАР КҮНІ БОЙЫ ҚЫЗМЕТ АЛАДЫ

Шымкент қаласындағы зейнеткерлерге арналған Белсенді өмір сүру әлеуметтік-медициналық орталығы жалғызілікті қарияларға күні бойы қызмет көрсете бастады. Бұл мақсатта орталық жанынан 8 сағаттық күндізгі стационарлық жағдайда сауықтыру шараларын көрсететін арнайы бөлімше ашылды. Бүгін қала әкімі әлеуметтік қызмет көрсету нысандарын аралау барысында осы орталықтың бөлімшесіне арнайы барып, қызмет сапасын бақылады. Қазір  Шымкент қаласында 83 928 зейнеткер бар, оның 568-і жалғызілікті қариялар. Жалғызілікті ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Шымкент қаласы күніне орай қаладағы «Арбат» алаңында жұмыссыз азаматтарға арналған «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Аталған іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Жәрмеңкеде Шымкент қаласындағы 100-ге жуық жұмыс беруші мекемелер қатысып, 5000-нан аса жуық медициналық, техникалық және педагогикалық мамандықтары бойынша тұрақты және уақытша бос жұмыс орындары ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 37 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Ордабасы ауданы тұрғындарымен кездесу іссапары «QazGarden» ЖШС-нің қарқынды бауынан басталды. Мұнда Ордабасы ауданының тауарөндірушілері мен шаруаларының өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Ауыл шаруашылығы техникаларынан бастап, көкөніс, жеміс-жидек, бидай, ұн, балық, қымыз және өзге де өнімдер жұртшылық назарына ұсынылған. Өңір басшысы қарқынды баудың жұмысымен танысты. Тамшылатып суғару технологиясын қолданып, 60 гектарға алма, шабдалы, өрік бауын өсіріп отырған кәсіпкер ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ДЕМЕУШІЛЕР ЕСЕБІНЕН КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Мемлекет басшысының бұқаралық және балалар спортымен айналысудың қолжетімділігін арттыру тапсырмасына сәйкес және «Балалар жылы» аясында Түлкібас ауданына қарасты Ынтымақ ауылынан демеуші есебінен заманауи спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Игі шараға қатысқан аудан әкімі Нұрлан Байғұт пен мәслихат хатшысы Сәдуахас Сейсенбаев демеуші болған жандарға аудан халқының және өз аттарынан алғыстарын білдіріп, ауыл жастарын жаңа спорт нысынымен құттықтады. Ауыл ақсақалдары ақ баталарын беріп, ...

Читать далее »