Шымкент қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, педагог-қызметкерлерінің қатысуымен Жол-көлік колледжінде «Техникалық және кәсіптік білім беру – еңбек нарығының жаңа серпіні мен мүмкіндіктері» Панельдік секциясы өтті. Мақсаты — Мемлекеттік білім беру саясатының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың 2022-2023 оқу жылына арналған негізгі бағыттарын айқындау, кадрлар даярлау мәселелері бойынша білім берудің бизнеспен және ...
Читать далее »Қоғам
АРДАГЕРЛЕР АТАУЛЫ КҮНДІ ЕСКЕ АЛДЫ
Шымкент қаласында Семей полигонының жабылғанына 31 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Атаулы күнді еске алуға арналған іс-шараға Семей полигонынан бөлек Ауған, Таулы Қарабақ, тәжік-ауған қарулы қақтығыстарына және Чернобль апатының салдарын жоюға қатысқан ардагерлер, жергілікті әскери оқу орындарының өкілдері қатысты. – Семей ядролық полигонында болған жарылыстар қаншама ұрпаққа зардабын тигізді. Ұлт тағдырына, ел тағдырына бей-жай қарай алмайтын жандардың күшімен сынақ ...
Читать далее »Полицейлер қаруға қатысты 31 істі сотқа жолдады
ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес Түркістан облысы аумағында жыл басынан бері криминогендік ахуалды жақсарту, атыс қаруы мен оқ-дәрілерінің заңсыз айналымына қарсы бірқатар профилактикалық іс-шара өткізіліп келеді. Мәселен жыл басынан бері Түркістан облысының полицейлері ҚР ҚК-нің 287-бабымен, яғни «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» дерегі бойынша 51 деректі тіркеп, қылмыстық іс қозғаған. ...
Читать далее »«Абайлаңыз балалар» жедел профилактикалық шарасы ОТЫРАР ауданында жалғасын тапты
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осы орайда Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 22 тамыз бен 12 қыркүйек күндері аралығында «Абайлаңыз балалар» атты кең ауқымды республикалық жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Аталған шараның мақсаты — балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен мектепке баратын, мектептен қайтатын, балалар жиі баратын орындарда қауіпсіз қозғалыс бағыттарын әзірлей отырып ...
Читать далее »«ЖАҢА ӨМІР» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ
Шымкент қаласында 30 тамыз —Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай шағын футболдан турнир ұйымдастырылды. Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен «Жаңа өмір» жобасы аясында өткен турнирге жалпы 10 команда қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша салтанатына марапаттауға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы Мұратжан Шотанов пен қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының Бауыржан Тұманбаев қатысып, ...
Читать далее »ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ПЕН МЕДИАТОРЛАР МЕМОРАНДУМ ТҮЗДІ
Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Қала бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, шаһар аумағындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, жазда тез бұзылатын тауарларды сатудың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі және Шымкенттегі білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру шараларының нәтижелері туралы есептер тыңдалды. Алғашқы мәселе бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос ...
Читать далее »Шымкент: Жұлдыз тұрғын алабында кәрізбен қамту жұмыстары басталды
Шымкент қаласы Жұлдыз тұрғын алабында кәрізбен қамту жұмыстары басталды, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Жұлдыз тұрғын алабындағы көпқабатты 27 үйді кәріз жүйесімен қамту мақсатында жобалау сметалық құжат әзірленді. Қазіргі таңда «Спецкоммунстрой» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын бастады. Аталған жобаның құны – 384,7 миллион теңгені құрайды. Еңбекші ауданының 57 пайызы кәріз жүйесімен қамтылған. Қазіргі таңда «Ұлағат», «Солтүстік-шығыс» шағынауданына кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. ...
Читать далее »АТА ЗАҢ ЕЛ ТЕҢДІГІНЕ КЕПІЛДІК БЕРЕДІ
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Қоғамдық келісім мекемесінде «Ата Заңым – айбыным» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Оған Шымкент қалалық этномәдени орталықтарының жетекшілері мен өкілдері, ҚХА құрылымдарының жетекшілері қатысты. Мәжілісті қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Икрамжан Хашимжанов ашып беріп, жүргізіп отырды. Жиынды құттықтау сөзімен бастаған ол еліміздің басты құжатында қазақстандықтардың нәсіліне, ұлтына, шығу тегіне қарамастан құқықтары мен еркіндіктерінің теңдігіне кепілдік берілгенін ...
Читать далее »Шымкенттік оқушы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың марапатына ие болды
ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиадалардың жүлдегер оқушыларын салтанатты түрде марапаттады. Марапатталған дарынды жастар қатарында Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы NIS мектебінің 11 сынып оқушысы Еркебұлан Тазабек бар. Еркебұлан бұл жылы өз жеке коллекциясын IGeO-2022 олимпиадасының қола медалімен толықтырған болатын. Жас географ Еркебұланның бұл Қазақстан құрамасы сапында екінші рет бақ сынауы. Жалпы алғанда биыл Қазақстан құрамасы сапындағы оқушылар халықаралық пәндік ...
Читать далее »№ 1 КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАДА ҚҰНЫ 1 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ҚҰРЫЛҒЫ ОРНАТЫЛДЫ
Шымкент қаласының №1 қалалық клиникалық аурухана базасында заманауи ангиографиялық ота жасау бөлмесі ашылды. Жаңадан орнатылған қондырғы арқылы диагностикалық тексерулерді өткізе отырып, күрделі оталарды жасауға мүмкіндік артты. Ота жасау бөлмесінің салтанатты ашылуына қала әкімі Мұрат Әйтенов, Ұлттық Нейрохирургия орталығының президенті Серік Ақшолақов қатысты. М.Әйтенов қалада денсаулық саласын дамыту жұмыстарының жоспарға сай жүргізіліп жатқанын айтты. — Қаламызда соңғы 3 жылда медициналық ұйымдардың ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары