Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам (страница 273)

Қоғам

БИЫЛ ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 41 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ

Биылғы жылы Қаратау ауданы бойынша 41 ойын алаңшасы салынады деп жоспарлануда. Одан бөлек, 10 спорт алаңшасы бой көтеріп, қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасалмақ, деп жазады «Оңтүстік» телеарнасына сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Қаратау ауданы бойынша 554 көпқабатты үй бар. Олар 192 аулаға біріктірілген. Биыл оның 41 ауласына ойын алаңшасын орнату көзделсе, бүгінде 80 пайызының құрылысы аяқталып, шетінен пайдалануға берілуде. Құрылыс ...

Читать далее »

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 3 ӨНДІРІСТІК АЙМАҚ БАР

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтің Еңбекші ауданы тұрғындарымен өткен есепті кездесуінде аудан әкімі Досбол Есілбек негізгі көрсеткіштерді атап, жоспарлармен таныстырды. Еңбекші ауданында 27 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Оның ішінде 3 өндірістік аймақта (Оңтүстік Индустриалды аймағы, Ордабасы ИА, Оңтүстік АЭА) 123 жоба іске қосылған. Бұл жылы аймақтарда 713 жұмыс орнымен 12 жоба жүзеге аспақ. Мемлекет басшысының 2025 жылға ...

Читать далее »

М.ӘЙТЕНОВ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Еңбекші ауданы тұрғындарымен есепті кездесуін өткізді. Кездесуге зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, азаматтық қоғам өкілдері, құқық қорғау органдары мен басқармалардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Биылғы жылдан бастап Президент Жарлығына сәйкес әкімдердің халықпен кездесуі жаңа форматқа көшті. Осыған сәйкес қала әкімі тоқсан сайын тұрақты кездесулер өткізуде. 2022 жылдың I жарты жылдығында ...

Читать далее »

Отырарлық полицейлер суға түсу ережесін бұзған 35 тұрғынға ескерту берді

Жаз мезгілі келгенде, баршамыздың көзімізге еріксіз суға түсу маусымы елестейді. Яғни, ыстық күнде суға түсіп салқындау дәстүрге айналған, салдарынан жағажайлардан адам толастамайды. Дегенмен өкініштісі сол, жүзу білмейтін не болмаса тыйым салынған аумақтарда суға түсу ережесін сақтамайтын жасөспірімдердің қатысуымен келеңсіз жағдайлар орын алып жатады. Осындай олқылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері де түсіндіру жұмыстарын күшейтеді. Мысалы Түркістан облысына қарасты Отырар аудандық ...

Читать далее »

Газ құю бекетінде тонау қылмысын жасаған түркістандық тұрғын ұсталды

Түлкібас аудандық полиция бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолындағы газ құю бекетінде жұмыс істейтін оны, таңғы сағат 04:30 шамасында өзіне таныс емес жас жігіт тонап кеткен. Яғни «Мерседес Бенц 124» маркалы көлік жүргізушісі газ құюға арналған 2 құрылғысын ашықтан-ашық тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Аталған жайт ҚПР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркеуге алынды. Хабарлама алысымен ...

Читать далее »

Жайылымдық жерден мал ұрлаған күдікті үш жігіт  қамауға алынды

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйелдің тарапынан арыз-шағым  келіп түскен, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағымданушының айтуынша,  жайылымда жүрген 2 бас сиырын белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 550 000 теңгені құраған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алды. ...

Читать далее »

Әлеуметтік желіде тұрғынның өтінішін қараусыз қалдырмаған генерал Мұрат Қабденов алғыс алды

Бүгінде Президенттен бастап, барлық орган басшылары, мекемелер толығымен әлеуметтік желіде парақша ашып, елмен кері байланыс орнатуда жұмыс жасауда. Мұның негізгі мақсаты — ашықтықтықты қамтамасыз ету, атқарылып жатқан жұмыстарды елге көрсете отырып, жұртшылыққа жақын болу десек, Түркістан облысы Полиция Департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов те, фейсбук желісінде өте белсенді. Облыстың бас полицейі желіде өзіне келген сұрақтар мен мәселелерді назардан тыс ...

Читать далее »

Түркістан облысының әкімі жетісайлық полицейді «Түркістан облысына сіңірген еңбегі» үшін төсбелгісімен марапаттады

Ерлік жасау әркімнің қолынан келе бермейді. Дегенмен Түркістан өңірінде өз басын қауіпке тігіп, өзгенің өмірін қорғап қалған азаматтар бар. Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бейбіт күннің батырларын қабылдап, құрмет көрсетті. — Бүгін біз шын мәнінде нағыз патриот, батыл азаматтармен жүздесіп отырмыз. Сіздер қазіргі жастар үшін үлгісіздер. Олар отаншылдықтың не екенін сіздерден үйренеді. Жалпы Түркістан облысында патриоттар өте көп.  Арыс ...

Читать далее »

ПЯТЫЙ РАЙОН ШЫМКЕНТА ПРЕДЛАГАЮТ НАЗВАТЬ «ТУРАН»

На внеочередной девятнадцатой сессии маслихата города Шымкента такое предложение было единогласно поддержано, передает информационное агентство «jetpisbai.kz» со ссылкой на пресс – службу акимата. Так, принято совместное решение маслихата и постановление акимата города о направлении соответствующего предложения в республиканскую ономастическую комиссию при Правительстве Республики Казахстан. Как сообщил руководитель аппарата акима города Габит Патшаханович Мауленкулов, во время общественных слушаний горожане, помимо названия ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: НҰРШУАҚҚА САПАЛЫ ЖАРЫҚ ЖЕТКІЗІЛУДЕ

Еліміздегі үшінші мегаполистің бүгінде 73 елді мекені сапалы жарық жүйесіне қосылған. Ал, қалған 8 шағын аудан халқы жекенің жарығын пайдалануда. Олар, Достық, Нұртас, Сәуле шағын ауданының 276 орамы, Тұран, Нұршуақ. Аталған шағын аудандарда бүгінгі таңда құрылыс қарқынды жүргізілуде. Бұйыртса, биылдан қалмай сапалы қуат көзіне қосылады деп күтілуде, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасына сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Зарипа Толымбекованың Нұршуақ шағын ауданында ...

Читать далее »