Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты білім беру мекемелеріне 2026–2027 оқу жылына арналған жаңа оқулықтар жеткізілді. Оқулықтар білім алушыларды оқу жылының басталуына қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету мақсатында мектептерге таратылуда. Жаңа оқу әдебиеттерінің қатарында 3-сынып оқушыларына арналған қазақ және орыс тілдеріндегі жаңартылған мазмұндағы оқулықтар бар. Атап айтқанда, «Қазақ тілі», «Русский язык», «Әдебиеттік оқу», «Литературное чтение», «Математика», «Дүниетану», «Познание мира», «Музыка» пәндеріне ...
Читать далее »Қоғам
ШЫМКЕНТТЕ «ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
31 тамызда Шымкентте қала прокуратурасының Абай ауданы прокуратурасы ұйымдастырған «Үздік мемлекеттік айыптаушы» байқауы өтті. Байқау прокуратура органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға және мемлекеттік айыптауды қолдау дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Қатысушылар заңнаманы білу деңгейін, кәсіби даярлығын және сот процесіндегі практикалық жұмыс дағдыларын көрсетті. Екінші кезеңнің ерекшелігі оның судьяның қатысуымен сот отырысы форматында өткізілуі болды. Қатысушылар нақты сот процесіне барынша жақындатылған жағдайда мемлекеттік ...
Читать далее »БІЛІМ МЕКЕМЕСІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
Түркістан қаласындағы білім мекемелерінің яғни білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бүгінгі күндегі немқұрайлылықты кешірмейтін, қадағалауды талап ететін басты мәселелердің бірі. Бүгінгі таңда білім мекемелері қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнекамералармен, турникеттермен, дабыл батырмаларымен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қоса, мектепке барар жолдарға жаяу жүргіншілер жолағы салынып, жол кедергілері сызылған, жол белгілері орнатылған. Ендігі кезекте олардың қалыпты жұмыс жасауын назарда ұстау қажет. Бүгін ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА ЖАС ОҚЫРМАНДАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ОҚУ МАУСЫМЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Түркістан қаласында кітап оқудың жазғы маусымы аяқталуына орай Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы «Қолөнершілер» орталығында ашық аспан астында «Саябақтағы кітапхана» атты мәдени іс-шара өткізді. Осы іс-шарада сөз сөйлеген «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы,Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Бақытжан Бейсембаев, ұстаз- педагог,»Құрмет» орденінің иегері Баян Садыққызы, ҚР Журналистер одағы және Түркітілдес мемлекеттердің Журналистер одағының мүшесі,Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері Несіпкүл ...
Читать далее »ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЕСЕБІНДЕГІ АЗАМАТТАРҒА РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Сауран ауданы бойынша мобильді топ мүшелерімен бірлесіп, пробация қызметі есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекен-жайларына рейдтік іс-шара жүргізілді. Рейд барысында азаматтардың тұрмыс жағдайы зерделеніп, қазіргі әлеуметтік жағдайы назарға алынды. Сонымен қатар, қажеттілігіне қарай әлеуметтік, психологиялық және құқықтық қолдау түрлерін көрсету мәселелері қарастырылды. Мобильді топ мүшелері азаматтармен жеке кездесіп, олардың мәселелерін тыңдап, тиісті бағыттар бойынша кеңестер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әлеуметтік қолдау ...
Читать далее »СОЗАҚТА БІРЫҢҒАЙ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
Жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына орай Созақ ауданындағы барлық білім беру ұйымдарында «Бала қауіпсіздігі мен сапалы білім – мектеп пен ата-ананың ортақ жауапкершілігі» тақырыбында бірыңғай ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың басты мақсаты – ата-аналарды жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие процесінің негізгі бағыттарымен таныстыру, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-ананың өзара жауапкершілігін күшейту және туындауы мүмкін мәселелердің алдын алу. ...
Читать далее »САУРАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИЫН ӨТТІ
Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігі мен Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Сауран аудандық филиалының бірлесе ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп –тұрақтылықтың негізі» тақырыбында жиын өтті. Шараға «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Түркістан облысы бойынша төрағасы Ғ.Рысбеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Қалеке, Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Сауран аудандық филиалының басшысы ...
Читать далее »«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Шымкентте жастардың құқықтық сауатын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Жастар ресурстық орталығында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – жастар мен қала тұрғындарының құқықтық сауатын арттыру, заң талаптарын түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз орта қалыптастыру. Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру – қоғамдағы тұрақтылық ...
Читать далее »ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ – БАСТЫ НАЗАРДА
Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда Тұран ауданының әлеуметтік-экономикалық және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстары, сондай-ақ қаладағы діни ахуал мен деструктивті діни ағымдардың алдын алу шаралары талқыланды. Тұран ауданындағы инфрақұрылымдық жұмыстардың маңызды бағыттарының бірі елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету болатын. Аудан әкімі Біржан Әзімбердиевтің айтуынша аудандағы 22 шағын ауданның 19-ы табиғи газбен қамтылған. Берілген мәлімет бойынша, газбен ...
Читать далее »В Шымкенте специалисты по комплаенсу обмениваются опытом
В Шымкенте проходит форум комплаенс-служб. В профессиональном мероприятии принимают участие более 170 специалистов города. Участники обсуждают изменения в антикоррупционном законодательстве и обмениваются практическим опытом. Форум организован Департаментом Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по городу Шымкенту. В рамках встречи рассматриваются вопросы усиления роли комплаенс-служб, выявления коррупционных рисков и механизмов их предупреждения. Как отметил руководитель Департамента, председатель Совета по этике ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары