Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫ САҚТАУ БАҒЫТЫНДА КЕҢ АУҚЫМДЫ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫ САҚТАУ БАҒЫТЫНДА КЕҢ АУҚЫМДЫ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

Ордабасы ауданында ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту мақсатында 6 ауыл округінің орталығында ауыл тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылды. Іс-шара аудан әкімдігінің қолдауымен және ішкі саясат бөлімі мен қоғамдық кеңестің бірлескен жоспарлары аясында жүзеге асырылды.
Кездесулер барысында тұрғындармен еліміздегі ұлтаралық тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі, түрлі этнос өкілдерінің бейбіт өмір сүруі жөнінде пікір алмасулар өтті. Жергілікті ақсақалдар мен ардагерлер, білім беру және мәдениет саласының өкілдері татулықты сақтаудың тарихи маңызына тоқталды.
Аудан әкімдігі өкілдері кездесулер барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, бірлік пен ынтымақтастықты одан әрі арттыру бойынша нақты жоспарлармен бөлісті.

Возможно, это изображение 6 человек, люди учатся и текст «서 POLISIA POLISIA»

Ұлтаралық келісімді сақтау – тек мемлекеттік саясаттың емес, әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екені баса айтылды.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*