Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ — НАҒЫЗ ТҰЛҒАНЫҢ АЙНАСЫ

ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ — НАҒЫЗ ТҰЛҒАНЫҢ АЙНАСЫ

Жақында “Ауыл” партиясы Сарыағаш аудандық аумақтық ұйымының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Салыбек ағамызбен тілдесудің сәті түсті.
Қазіргі таңда, өкінішке қарай, аз ғана мансапқа, азды-көпті дүниеге қол жеткізгеннің өзінде “тәкаппарлық” пен “кісімсу” дертінің жұғып кететіні жасырын емес. Өмірдің ағыны сондай – абыройың мен байлығың болса, көпшілік сонымен бағалайтын заманға келдік. Осындай кезеңде, саяси сахнада өзін қалыптастырған, “халық қалаулысы” мәртебесіне ие болып жүрген Қайрат ағамыздың бойынан бірден қарапайымдықтың, кішіпейілдіктің, шынайылықтың лебін сезіндім.
Возможно, это изображение 1 человек и текст
Бірінші кездесуден-ақ адам болмысы көрінеді дейді ғой. Расында да, “жасың кіші, танымаймын” деп менсінбеу, немесе немқұрайлы кейіп таныту жоқ. Керісінше, жылы жүз, ілтипат, құрмет – нағыз азаматқа тән қасиетті көрсете білді.
Мұндай кісілердің халық алдындағы абыройы тек атақпен немесе орнымен емес, жүрек жылуымен, адамға деген сыйластықпен артады. Ел сенімін арқалап жүргенде, сол сенімді ақтау – үлкен жауапкершілік.
Возможно, это изображение 1 человек, отдел новостей и текст
Сізге алдағы депутаттық қызметте елдің мұң-мұқтажын, халықтың сөзін билікке жеткізуде және шешімін табуда сүбелі үлес қоса беруді тілеймін. Сондай-ақ, “Ауыл” партиясы тарапынан ауыл шаруашылығы саласын дамытуда, ауыл еңбеккерлерінің еңбегін бағалауда, туған жердің экономикасын ілгерілетуде үлкен белестер мен жарқын жетістіктерге жете беріңіз!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*