«Бірлік бар жерде тірлік бар» деген дана сөз Ордабасы халқына тән көрініс тапты. Ауданның 6 ауыл округінде өткен кездесулерде тұрғындар мен жергілікті билік өкілдері ұлтаралық татулықты сақтау, бір-бірін түсіну мен құрметтеу туралы ашық пікір алмасты.
Көпұлтты қоғамда өмір сүріп жатқан еліміздің тұрақтылығы – әрбір азаматтың санасында бейбітшілік пен татулықты сақтау мәдениетін қалыптастыруда жатыр. Осы мақсатта ұйымдастырылған кездесулерде түрлі этнос өкілдері өз ойларын ортаға салып, елдегі тұрақтылық пен достықтың маңыздылығын нақты мысалдар арқылы жеткізді.

Бүгінгі таңда ұлт пен ұлысқа бөлінбей, ортақ мақсатта еңбек ету – Қазақстан дамуының негізгі тетігі. Осындай рухани ортақтықты ауыл-аймақтарда қалыптастыру – аудан әкімдігінің басты ұстанымы екені тағы бір мәрте дәлелденді.
© Jetpisbai.kz
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары