Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам (страница 52)

Қоғам

Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы

Баршамыз бас иіп құрмет көрсететін ұстаздар мен тәлімгерлерге соңғы жылдары ілтипат артты деуге болады. Оларға барлық жағынан қолайлы жағдай жасалып жатқаны көңілге қонымды. Жыл сайын 5 қазан – «ұстаздар күні» мерекесінде білім беру жүйесінде ерекше үлгі болған бір топ қызметкерлерді марапаттау туралы Президент Жарлығының қабылдануы саланың одан әрі дамуының маңызды факторы болып табылады. Құрметті президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Менің бастамаммен ...

Читать далее »

ЗАҢСЫЗ МИССИОНЕРЛІК ҚЫЗМЕТ

Жалпы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 5) тармақшасына сәйкес миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың дінге үндеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызмет. Ескере кететін жәйт еліміздің аумағындағы миссионерлер жыл сайын жергілікті атқарушы органдарда қайта тіркеуден өтуге міндетті. Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер ...

Читать далее »

Тәрбие негізі ұлттық құндылықта

Өскелең ұрпақты, ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Өйткені қазақ қоғамының діңгегі осы құндылықтарда жатыр. «Жас бала шыбық тәріздес, оны қалай иетін болсаң сол қалпы өсе береді», — деп айтпақшы, тәрбиенің берілетін балалық шақтағы маңызы зор. Расымен де балаға дұрыс тәлім-тәрбие беру ұлттық құндылықтардан бастау алады. Ал отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарға қанық болып өскен баланың ұстанымы ...

Читать далее »

Дін мен мемлекеттің құқықтық реттелуі

Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып, ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар ...

Читать далее »

АЭС САЛУ ЕЛІМІЗДІҢ ЭНЕРГИЯ МҮМКІНДІКТІКТЕРІН АРТТЫРАТЫН ЖАҢА БАҒЫТ

АЭС – еліміздің энергетикалық саясатының маңызды бағыты. Кейінгі кездері дамыған державалар жаңартылатын әрі баламалы қуат көздерін дамытуға нақты бағыт алды. Еліміз жалпы энергия теңгерімі құрылымындағы жаңартылатын қуат көздерінің сапалы өсімін 3%-ға жеткізді. Осыған дейін бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 10%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңартылатын қуат көздерінің үлесін 15%-ға дейін арттыру көзделуде. Сол себепті, АЭС құрылысының ел ...

Читать далее »

ҚАРАСПАН – ҚАРАСПАНҒА АЛЛА ӨЗІ ҚАРАСҚАН!

Ордабасы ауданында «Ауылым – алтын бесігім» фестивалі өтіп жатыр. Ордабасы ауданының 60 жылдығына орайластырылған бұл мәдени шара аясында әр ауылдық округтің еңбеккерлері, өнерпаздары, тұрғындары өз жетістіктерін паш етіп, елді сүйсінтіп келеді. Бұл жолы кезек Қараспан ауылдық округіне тиді… © Әсет Әссанди

Читать далее »

Ауқымды энергияның бастауы

Қазір біз әлемді АЭС-ы барлар және АЭС-ы жоқтар деп екіге бөліп қарайтын болдық. Уақыт соған жеткізді. Атом энергиясын қолдану тәуелсіздік алғалы арагідік айтылып қалушы еді. Тіпті бірқатар алғышарт та жасалды. Курчатовта, Алматыда, Ақтауда реакторлардың іске қосылуы – соның дәлелі. Бірақ мәселе Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келгеннен кейін белсенді қозғала бастады. Мемлекет басшысы энергия тапшылығы алқымнан алғалы тұрған шақта атомсыз алға жылжудың ...

Читать далее »

Көкшелік студенттермен кездесті

Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев өңірде студент жастармен, «Көкшетау-Энерго» серіктестігінің ұжымымен кездесіп, бейбіт атом энергетикасын дамытудың келешегі мәселесін талқылады. Министрлік басшысымен кездесуге Ш.Уәлиханов Көкшетау мемлекеттік университеті­нің, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеттің, М.Ғаб­дуллин атындағы азаматтық қор­ғау академиясының, Гу­ма­ни­тарлық-техникалық ака­де­мияның студенттері қатысты. Басты тақырып бейбіт атом төңірегінде болды. Болашақтың жайын бағамдаған кездесу ба­рысында министр атом энер­гетикасының еліміз үшін қаншалықты маңызды екеніне тереңірек тоқталып, дамуы ...

Читать далее »

«Экологияны сауықтыруға борыштымыз»

Елде экологиялық жағдай күн өткен сайын күрделеніп бара жатқаны жасырын емес. Ол туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтты. «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртайдың пікірінше, елімізде қоршаған ортаға қатысты мәселелер қордаланып тұр. Тіпті АЭС шикізаты уранды алу әдісінің өзі ойландырады. – Уранды өзімізде өндіреміз деп қуана¬мыз, алайда соны жер бетіне шығару әдісі қоршаған орта үшін қолайлы емес сияқты? ...

Читать далее »

АУДАНДА ШАХМАТ КЕРУЕНІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

Aудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қазақстан шахмат федерациясының Түркістан облысы бойынша филиалының атқарушы директоры Асхат Майкотовты және Түркістан қаласының шахмат инструкторы Алима Пашанова мен халықаралық шахматшы Қуанышбек Джумадуллаевты қабылдап, жастардың зияткерлік әлеуетін көтеруге бағытталған «Шахмат керуені» жобасын ауданда өткізу ісін бірлесе талқылады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудан басшысы шахмат ойыны жастар мен ересектердің ...

Читать далее »