Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖОҒАРЫ ТҰЛҒА: СӘКЕН ҚАНЫБЕКОВТЫҢ ЕЛ АЛДЫНДАҒЫ ЕҢБЕГІ

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖОҒАРЫ ТҰЛҒА: СӘКЕН ҚАНЫБЕКОВТЫҢ ЕЛ АЛДЫНДАҒЫ ЕҢБЕГІ

Ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы абыроймен еңбек етіп келе жатқан Сәкен Әсембекұлы Қаныбековтың ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болып қайта тағайындалуы — бұл саланың тұрақты дамуына деген сенімнің айғағы.
30 жылдан астам уақыт ауыл тіршілігін терең түсініп, түрлі деңгейдегі басшылық қызметтерде өзін кәсіби және адал маман ретінде көрсетті. Қарапайым колхоздан бастап, аудан, облыс деңгейіндегі әкімдіктерде, Парламент Мәжілісінде және Президент Әкімшілігінде ел мүддесі үшін еңбек етті. Ғылыми ортада да орны бар — ауыл шаруашылығы ғылымын дамытуға өз үлесін қосқан. Мұндай көпқырлы тәжірибе — кез келген сала басшысына бұйыра бермейтін ерекшелік.
Незаконный карьер в Ордабасинском районе обещают закрыть — OTYRAR
Сәкен Қаныбековтың азаматтық позициясы да назар аударуға тұрарлық. 2012 жылы қоғамда дау тудырған, әлеуметтік тұрғыдан өте нәзік саналатын ВИЧ мәселесіне қатысты оқиға кезінде, елдің басым бөлігі үнсіз қалған шақта, дәл сол кісі — әкімдік деңгейінде науқастармен алғаш болып ашық кездесіп, оларды қолдап, демеу білдірген санаулы басшылардың бірі ғана емес, жалғыз өзі басы қасында жүрді десек артық айтқандық емес. Бұл оның тек басшы емес, ең алдымен адамгершілігі биік, әр азаматтың тағдырына бейжай қарамайтын тұлға екенін көрсетеді.
Естеріңізде болса, облысымыздың таулы аймақтарында қардың көп болуына байланысты су тасқыны қаупі болған еді. Сол уақытта облыс әкімінің орынбасары, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия төрағасы ретінде Сәкен Қаныбеков шұғыл түрде әрекет жасап, аймақтың барлық аудандарында еріген қардың салдарынан қиындық болуы ықтималдығының алдын алу мақсатында аудан, қала, ауыл әкімдіктерімен бірлесе жасаған іс-шараларының арқасында жағдай тұрақталған болатын.
2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Кентау қаласында болған апат салдарынан жергілікті ЖЭО-5 (жылу электр орталығы) толықтай тоқтап қалды. 30 градус аяз кезінде қала жылусыз қалды. Ауруханаларда, 11 мектеп пен 4 балабақшада ғимараттарды жылыту үшін резервтегі шағын қазандықтар қосылды. Ал бір мектеп пен алты балабақшада резервтік жылу жүйесі болмағандықтан, сабақтар уақытша тоқтатылды. Сол уақытта облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия төрағасы ретінде Сәкен Қаныбеков екі айға жуық уақыт басы-қасында жүріп, жылу электр орталығының жұмысын қалпына келтіруде бар күш-жігерін аянбаған. Алты жылдың көлемінде Сәкен ағамыздың атқарған еңбегі ерен. Ағамыздың адал еңбегін халық ұмытпайды деп сенемін.
Незаконная добыча природных стройматериалов процветает в Ордабасинском  районе — OTYRAR
Сәкен Қаныбековтың салаға қайта оралуы — бұл тек кадрлық ауысым емес, жүйелі тәжірибе мен тұрақтылықтың нышаны. Ел мүддесі жолындағы еңбегі әлі де жалғасарына сенім мол.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*