Сайрам Ауданы Полиция Басқармасының бастамасымен, Сайрам ауданы аумағында ағымдағы жылдың 29 шілде — 03 тамыз аралығында «Есептегі элемент» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Аталмыш іс-шараның мақсаты – қылмыстылықтың алдын алу, жедел ахуалды жақсарту, Ішкі Істер органдарының есебінде тұратын, оның ішінде, өтелмеген және алынбаған соттылығы бар тұлғалардың қайта қылмыс жасауының алдын алу, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды анықтауға бағытталған. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау ...
Читать далее »Қоғам
«ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ»
«Діни сауаттылық — қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында Сайрам ауданының жастары, ұрыс-қимыл ардагерлері, спорт саласының қызметкерлері мен мешіт имамдары арасында семинар-кездесулер ұйымдастырылды. Жиынға Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Тұрсынғали Төреғалиұлы және аудандық Ішкі Саясат Бөлімінің маманы Молдияр Бахтиярұлы қатысты. Іс-шараның мақсаты – аудан активтері мен дін қызметкерлері арасында жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, ақпараттық түсіндірме жұмыстары арқылы халқымыздың діни ағымдар мен секталардың жетегінде ...
Читать далее »ЖАТ АҒЫМ – ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ
Қазығұрт ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен “Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» мақсатында 02.08.2024ж. аудан көлемінде ақпараттық түсіндіру жұмыстары өткізілді. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының «Стратегиялық талдау және даму бөлімі» басшысы Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Смайыл Сүйерқұлұлы Сейтбеков және Түркістан облысы Сайрам ауданының бас имамы Арыстан Оразалыұлы Оспановтың қатысуымен аудандық «Өнер» мектебінде кездесу өткізілді. Кездесу барысында аудан ...
Читать далее »БӘЙДІБЕК: АУДАНҒА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ
Қазақстан Респубикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің іс-шара жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында жемқорлыққа қарсы мобильді топ ауданға келді. Мобильді топ мүшелері аудан әкімдігінің мәжіліс залында квазимемлекеттік сектор ұйымдарындағы комплаенс — қызметкерлерге және ішкі талдауға жауапты жұмысшы тобына практикалық семинар өткізді. Іс-сапар барысында мобильді топ кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында ...
Читать далее »КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Кентау қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері қала тұрғындарына интернет алаяқтық қылмыстары бойынша алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Түсіндіру жұмыстары қаладағы базарларда, сауда орталықтарда, көпқаббатты тұрғын үйлердің аулаларында өткізілуде. Сонымен қатар, интернет алақтарынан сақ болуға ескертілген қағаздар ілініп, парақшалар таратылды. Қазіргі уақытта интернет алаяқтығы белең алуда. Яғни, әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы халықты салым салу жолымен ақшаны еселеп қайтарып алуға үгіттеп, қызықтыру ...
Читать далее »МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН ЕР АДАМ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕН АЙЫРЫЛДЫ
Мақтаарал ауданының патрульдік полиция қызметкерлері мас халде көлік тізгіндеген ер адамды анықтады. Мәселен күнделікті қызмет атқару барысында кешкі уақытта аудан көшелерінің бірінде қауіпсіздік белдігін тақпай жол ережесін бұзып келе жатқан «Audi 100» маркалы автокөлігін байқап, оны тез арада тоқтатты. Тәртіп сақшылары жүрісі күдік тудырған 43 жастағы жүргізушіні тексеру барысында автокөлікті мас күйде басқарғанын анықтады. Қазіргі таңда масаң күйде көлік жүргізген ...
Читать далее »ОТБАСЫЛЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ордабасы аудандық полиция бөлімінің инспекторы полиция лейтенанты Жанар Мұратбекова мен «Шапағат» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының мекеме қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ардагерлер арасында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Отбасындағы қарым-қатынасты нығайту, ата-ана мен баланың арасында түсіністік пен отбасылық махаббатты қалыптастыру мақсатында өткізілген бұл шарада ардагер ата-апаларымыз осы тақырыптағы ой-пікірлерін ортаға салды. Шара барысында Мемлекет басшысының бастамасымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» ...
Читать далее »Түркістан облысында сот белгілеген шектеулерді сақтамаған 50 тұрғын анықталды
Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың нұсқауымен облыс көлемінде ағымдағы жылдың 29 шілде мен 3 тамыз аралығында «Есептегі элемент» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның 3-тәулігінде Ішкі істер органдарында есепте тұратын 2314 тұрғын тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Нәтижесінде 50 адамның сот органдары белгілеген шектеулерді бұзғаны анықталып, шара көрілді. Мәселен әкімшілік қадағалау туралы заңнаманы бұзудың 12 жайты анықталып, хаттама толтырылды. Мерзімінен бұрын шартты түрде ...
Читать далее »Созақ: ауыл тұрғындарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық кеңес берілді
Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың кезекті шарасы Созақ ауданының Құмкент, Шолаққоран және Жартытөбе ауылдарында құқықтық кеңес берумен жалғасты. Шалғай елді мекеннің 70-тен аса тұрғындарына жергілікті әкімдіктің, облыстық Әділет департаментінің өкілдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері, антикор еріктілері, адвокаттар мен заңгерлер, сот орындаушылары құқықтық көмек көрсетті. Тұрғындар кәсіпкерлікпен айналысудың тәртібі, өсиетті рәсімдеу, несиенің пайызын жеңілдету, жұмыспен қамту, тұрғын үй ...
Читать далее »Алимент пен айыппұл бойынша 153 млн теңге қарызы бар жүргізушіні полиция анықтады
Түркістан қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері «Қорғау — қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы қала аумағында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шара жүргізуде. Мәселен кезекті жұмыс күні тәртіп сақшыларына С.Қожанов көшесінің бойында 153 миллион теңге берешегі бар “Ravon Nexia R3” автокөлігіне қатысты дабыл түсті. Белгілі болғандай, жүргізуші 153 миллион теңгенің 700 мыңын жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл ретінде арқалаған. Оның басым бөлігінде ақылы ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары