Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы (страница 3)

Аймақ тынысы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ САУДА ОРЫНДАРЫНДА ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында отандық тауар өндірушілерді қолдау және қазақстандық өнімдердің сауда орындарындағы қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты, ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидалары талаптарына сәйкес, сауда объектілерінде отандық тауар өндірушілерді қолдау және қазақстандық өнімдердің қолжетімділігін арттыру мақсатында бірқатар міндеттер көзделген. Атап айтқанда, ішкі сауда ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА 1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ АУҚЫМДЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Түркістан облысында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған кең ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, оған мыңнан астам бала қатысты. Мерекелік іс-шарада Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров балалар мен ата-аналарды мерекемен құттықтап, өскелең ұрпақтың жарқын болашағын қалыптастыру – мемлекеттің және қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. – Балалар – біздің болашағымыз, өміріміздің мәні. Әрбір ұлан бейбіт аспан астында, ата-ананың мейірімі ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

Түркістан қаласында Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының жаңа заманауи ғимараты пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына арнайы қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров көпшілікті айтулы оқиғамен құттықтап, оның қоғам үшін маңызына ерекше тоқталды. Өңір басшысы өз сөзінде биыл кітапхананың құрылғанына 65 жыл толып отырғанын атап өтіп, мерейтой қарсаңында жаңа ғимараттың ашылуы облыс руханияты үшін маңызды тарихи оқиға екенін жеткізді. Сонымен қатар ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЕРКІН ФОРМАТТА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аясында Түркістан облысында «Жарқын болашақ – бақытты баладан басталады» тақырыбында дарынды балалармен кездесу өтті. Іс-шара барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев халықаралық және республикалық білім, ғылым, өнер және спорт додаларында жеңімпаз атанған 40 оқушымен дөңгелек үстел форматында жүздесті. Кездесуде облыс әкімінің орынбасары жас дарындарды мерекемен құттықтап, олардың жетістіктері өңірдің ғана емес, елдің ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 1 АПТАДА 200 ТОННАДАН АСТАМ ҚАРБЫЗ ЖИНАЛДЫ

Бақша өнімдерін жинау науқаны қызу жүрім жатқан Жетісай ауданында алғашқы қарбыздар еліміздің ірі қалалары мен көршілес Ресей Федерациясының сауда нарығына жол тартуда. Қазіргі таңда егістік алқаптарынан бір аптаның ішінде 200 тоннадан астам қарбыз жиналып, тұтынушыларға жеткізілген. Ерте піскен өнімге сұраныс та жоғары. Бұл өз кезегінде шаруалардың табысын арттырып қана қоймай, ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін айқындай түсуде. Жетісай ауданының дихандары ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ФРАНЦУЗДЫҚ ALSTOM КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖАҢА СЕРВИСТІК ДЕПОСЫ САЛЫНУДА

Арыс қаласында халықаралық деңгейдегі жетекші серіктес – француздық Alstom компаниясының электровоздарға арналған жаңа сервистік депосының құрылысы жүргізілуде. Жоба қаланың маңызды теміржол торабы ретіндегі стратегиялық әлеуетін арттырып, өңірдегі көлік-логистика саласының дамуына серпін береді. Осыған орай, мүдделі тараптар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған таныстыру сапары ұйымдастырылып, Арыс қаласындағы жаңа депо құрылысының барысы таныстырылды. Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Франция ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫНДА ӨҢІРДІҢ ДАМУ ДИНАМИКАСЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРІЛДІ

Түркістан қаласында Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің он төртінші кеңейтілген отырысы өтті. Жиынды Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Байділдә Жылқышиев жүргізді. Кеңейтілген отырысқа облыс әкімдігі өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, басқарма басшылары, мәслихат депутаттары және сала мамандары қатысты. Күн тәртібінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, цифрландыру, көлік инфрақұрылымы және қоғамдық маңызы бар өзекті мәселелер қаралды. Жиын барысында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің даму ...

Читать далее »

САРЫАҒАШ: ДЕРБІСЕКТЕГІ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШІЛУДЕ

Сарыағаш ауданының Дербісек елді мекеніндегі «ТП-32» ауыз су ұңғымасына қатысты мәселе бүгінде облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында. Аталған су нысаны ұзақ жылдар бойы «Рауан» ЖШС-нің пайдалануында болған. Алайда биылғы жылдың 25 сәуірінде жалға алу мерзімінің аяқталуына байланысты мәселе сот тәртібімен қаралды. Нәтижесінде, «Рауан» ЖШС-нің жер учаскесіне қатысты құқық белгілейтін құжаттарының күші жойылды. Сонымен қатар, «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы санитарлық қорғау аймағына қойылатын ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ» МЕКТЕПТЕРІ ҚҰРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғыртуға бағытталған жаңа заң күшіне енді. Бұл туралы брифинг барысында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ержан Қарымсақов мәлімдеді. «Жаңа заң Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленіп, 2024–2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған. Құжаттың негізгі мақсаты – мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту және мемлекеттік қызметтің ашықтығын ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен барлық аудан, қалада өндірістік парктер салынып жатыр. Мақсат – жұмыс орындарын көбейту. Бұл тірліктер Сарыағаш ауданында да атқарылып келеді. Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев өндірістік парк аумағындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, жүзеге асырылып жатқан жобалардың орындалу деңгейін зерделеді. Жұмыс сапары барысында аудан басшысы инвесторлар мен мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, құрылыс нысандарындағы атқарылып жатқан ...

Читать далее »