Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2022 » Август (страница 44)

Месячные архивы: Август 2022

Көлігіне жалған мемлекеттік тіркеу белгісін тағып жүрген жас жігіт ұсталды

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алып, құқық бұзушылықты, жол ережесін бұзатын көлік жүргізушілерін анықтау мақсатында «Қауіпсіз жол» профилактикалық шарасын жүргізуде. Осындай рейд барысында, тәртіп сақшылары жалған нөмірлі көлікті анықтады. Нақтырақ айтсақ, «Газель» маркалы автокөлік жанармай құю бекетіне тоқтаған. Көліктің нөміріне күдіктенген полицейлер оның нөмірін тексерді. Нәтижесінде, жас жігіттің автокөлігіне жалған мемлекеттік тіркеу белгісін пайдаланып жүргені белгілі болды. ...

Читать далее »

Тұрғын жоғалған сиырын тауып берген полицейлерге алғысын жаудырды

Шардара АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жайылымдағы 1 бас сиырының жоғалғаны туралы арызданды. Арызданушы алғашқыда өзі іздеген. Алайда одан еш нәтиже болмаған соң полицейлерден көмек сұрайды. Бұл жайт аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, жоғалған сиырды іздеу жұмыстары жүргізілді. Тәртіп сақшылары бірнеше мобильді топтарға бөлініп, жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, ауыл тұрғындарымен сұхбат жүргізді, базарлар мен мал тасымалдайтын автокөліктерді тексерді. Жедел шаралар ...

Читать далее »

Облыстың бас полицейі ардагерлермен кездесті

Облыс орталығында полиция подполковнигі Бауыржан Жанаев 40-тан астам ардагермен кездесіп, ақ батасын алды. Бүгін Түркістан облысындағы Ақжайық музыкалық мектебінің залында Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Бауыржан Жанаевтың ұйымдастыруымен ауқымы кең, тәлім-тағылымы зор іс-шара өткізілді. Жиынға полиция подполковнигі Б. Жанаев пен жеке құрам қызметкерлері, Түркістан облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов бастаған ардагерлер кеңесі мен ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты. ...

Читать далее »

Шымкент: ​Исфиджаб тұрғындарымен кездесу өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы Исфиджаб тұрғын алабындағы жергілікті азаматтармен кездесу өтті, деп хабарлайды jetpusbai.kz ақпараттық агенттігі. Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Қаратау ауданы әкімдігінің жауапты қызметкерлері ұйытқы болған жиынға қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты. Күн тәртібінде қоғамдық келісімді сақтау, құқықтық тәрбие мен жастар арасында әскери міндеттілікті өтеу сынды мәселелер ...

Читать далее »

АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ — БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ана мен бала денсаулығы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді, деп хабарлайды jetpisbai.kz. Аталған іс-шараның мақсаты — арнайы сала мамандарының қатысуымен күйзеліске түскен аналармен жүйелі жұмыстар жүргізу, психологиялық, әлеуметтік, медициналық көмектер көрсету. Іс-шара барысында сала мамандары TOO «QAMQOR» қалалық емханасының СОЖ дәрігері Назым Сайлау және социолог Аяна Тултаева «Ана үйі» қоғамдық қорының қамқорлығындағы жас аналары мен балаларына ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 6 АЙДА 188 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ

Шымкент қаласында алты айда 188 шақырым жол жөнделді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Шымкентте 2021 жылы 309,6 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілсе, осы жылы жалпы 361,1 шақырымды құрайтын 190 нысанға жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 67,4 шақырым жолға құрылыс және қайта құру жұмыстары, 19,3 шақырым жол күрделі жөндеу, 261,1 шақырым жолға орташа ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ӘІО-ДА 8 ҮЙ ОСЫ ЖЫЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Бүгін қала әкімі М.Әйтенов жаңадан бой көтеріп жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының барысын тексерді. Қала әкімі кемшіліктерді реттеп, мерзімінде аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласының ӘІО Арғынбеков көшесі бойында салынып жатқан №1 және №4 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. 2020 жылдың аяғында басталған құрылыс жұмыстары қыс мезгіліне дейін ...

Читать далее »

МЕКТЕПТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП БІРДЕЙ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жаңадан салынып жатқан мектептердің құрылыс барысын тексерді. Қалада үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін 2023 жылы, ал орын тапшылығын 2025 жылға дейін толығымен шешу жоспарланған. Қаламызда жекеменшік мектептердің үлесі артып келеді. Биылғы жылы қолданысқа берілетін 24 мектептің 20-сы жеке инвестор есебінен. Нұрсат шағын ауданы, Нұр-Сұлтан даңғылында орналасқан 300 орындық «Жас-Дарын-5» жекеменшік мектебі – өткен жылы ...

Читать далее »

ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қалалық Қазақстан халықтары Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының кезекті кездесуі өтті. Басқосуға Шымкент қаласындағы БАҚ өкілдері, жергілікті блогерлер, қоғам белсенділері қатысты. Ассемблеяның жаңадан сайланған төрайымы Зәуре Оралбекова ұйымдастырған жиында қоғамдағы тұрақтылыққа, ұлтаралық татулыққа байланысты келелі ойлар қозғалып, пікірлер айтылды. ҚХА-ның 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасында көрсетілгендей, Ассамблеяның негізгі жұмыс бағыты – мемлекет құрушы қазақ халқының құндылықтары аясында ...

Читать далее »

Жәрдемақы шығарып беремін деп, алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері мемлекет тарапынан жәрдемақы шығарып беремін деп, алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады. Түркістан ҚПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғанын айтып шағымданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оған танысы мемлекет тарапынан жәрдемақы шығарып беремін деп сеніміне кірген. Алаяқ жәбірленушіден осы үшін 350 мың теңге ақша алған. Алайда әр нәрсені бір сылтауратып, уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай тұрғынды әбігерге салған. ...

Читать далее »