Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕГЕН ЕЛ АНАСЫ

ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕГЕН ЕЛ АНАСЫ

«Шуақты күндер» кітабымен оқырманға, батыр Бауыржан келіні атымен қалың қазаққа таныс Зейнеп Ахметова шырайлы қаламызға келді. «Атамның арқасында бүгінгі дәрежеге жетіп, ел ішінде еркелеп жүрмін» деген Зейнеп Әскербекқызын Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысы Бақтияр Өнербаев күтіп алып, алдымен даңқты Бауыржан атамыздың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Возможно, это изображение 2 человека и памятник
Ұлттық дәстүрімізге қайшы әдеттерді қатаң сынап, жастар тәрбиесіне ерекше көңіл аударатын Зейнеп апамен
«Ер елдің иесі, әйел – үйдің киесі» тақырыбында «Жастар ресурстық орталығында» кездесу ұйымдастырылды.
Жиынға мектеп оқушылары, қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, педагогтер мен өзге де сала қызметкерлері қатысты. Әсіресе, кездесуге келген жастардың қарасының көптігі қуантты.
Возможно, это изображение памятник
Сырласу кешін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек ашты. Ел анасы жиналған көпшілікпен екі сағаттан аса, емін-еркін сырласып, естеліктері мен ғибратты, өнегелі әңгімелерімен бөлісті. Халықтың рухани әңгімені сағынғанын соғылған шапалақтар білдіріп тұрды. Апаға сұрақ орнына алғыс айтылды. Кеш соңында жақсының көзі, асылдың сынығы Зейнеп апамызға шапан жабылып, гүл шоқтары жауды.
Возможно, это изображение 2 человека, отдел новостей и помост
Осы ретте айта кетейік, алдағы уақытта Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бастамасымен қолға алынған «Қайырымды қала құндылықтары» жобасы аясында түрлі саланың танымал өкілдерімен кездесулер сериясы тұрақты түрде өткізіліп тұрмақ.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*