Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2023 (страница 20)

Годовые архивы: 2023

ТҮРКІСТАН: ҚЫЗЫЛША АУРУЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЕГУ НАУҚАНЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Еліміздің бірқатар өңірлерінде қызылша ауруы дендеп тұр. Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін қызылша дертімен 373 күдікті жағдай тіркеліп, 166 науқастың диагнозы расталған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 146, мектеп оқушысы — 19, балабақша тәрбиеленушісі — 26, қалғаны студенттер мен ересек адамдар. Бұл туралы брифингте Түркістан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов мәлімдеді. — Күз-көктем мезгілдері ...

Читать далее »

«Жолда жүру айлығы» негізінде профилактикалық іс- шаралар жүргізілуде

Бүгін аудандық аурухана СӨСҚ мамандары тарапынан әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау және жол қозғалысы ережелерін қосымша түсіндіру мақсатында, аудан орталығында орналасқан автобекетте отырған жүргізушілерге және қоғамдық орындарға түсіндіру жұмыстары жүргілізіп, ақпараттық парақшалар таратылды. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықтың денсаулығын қорғау және жол-көлік оқиғаларының зардаптарын жою болып табылатындығын және көліктегі құқық бұзушылықтар, негізінен, аса қауіпті, ауыр зардаптардың туындауына және құқық бұзушының ...

Читать далее »

Шымкентте «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі

Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің нұсқаулығына сәйкес Шымкент қаласында 11-12 қыркүйек аралығында «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі. Оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органдары, қаланың азаматтық қорғау қызметтері, №35748, 6506, 10216 әскери бөлімдерінің, төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары қатысады. Бұл туралы Шымкент қаласы ТЖ департаментінде өткізілген брифингте айтылды. Бас спикер болып төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Төреғали Үркімбаев сөз сөйледі. Оқу-жаттығу ...

Читать далее »

Шымкент: шомылу маусымының қорытындысы туралы брифинг өткізілді

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің негізгі қызметтік міндеттерінің бірі қала аумағындағы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. 2023 жылы су айдындарында республика бойынша 177 адамның суға бату оқиғасы орын алған, оның ішінде 53 бала. Шымкент қаласы бойынша жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ. Қалада суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін қала аумағында 5 ресми орын бекітіліп, оның ішінде 3 ...

Читать далее »

ҮШ ДЕҢГЕЙЛІ ЖОЛАЙРЫҚ: БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА АШЫЛДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жол сапасына айрықша назар аударып келеді. Мемлекет басшысы Үкіметке, жергілікті әкімдерге республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Шымкент аумағындағы жол инфрақұрылымын жақсартуда, жолдардың сапасын арттыру бағытында қабылданған 2021-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары жоспары кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің тікелей тапсырмасы бойынша Бәйдібек би-Арғынбеков көшелерінің қиылысында ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Президенттік жастар кадр резервінің үшінші іріктеу кезеңі бірінші қыркүйек күні басталған болатын. Аталған жоба жастарды мемлекеттік қызметке орналастыруға бағытталған. Жастар ресурстық орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен жобаға іріктеудің тәртібі бойынша жиын өтті. Кездесуге Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сарапшысы Гүлісхан Нахбаева арнайы шақырылды.Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің ...

Читать далее »

Ұнды фортификациялау

Темір тапшылығы анемиясы (ТТА) Денсаулық сақтау жүйесінің жалпыұлттық проблемасы болып табылады. Негізгі себебі-денеде темір мен фолий қышқылының болмауы. Анемия жиі кездесетін жас топтары-бала туу жасындағы әйелдер, жүкті әйелдер және 12-17 жастағы балалар. ТТА-жоғары ана, нәресте және жалпы өлім-жітімнің жетекші қауіп факторларының бірі. ТТА белгілері-бұл жалпы әлсіздік, жеңіл жаттығулар кезінде де тез шаршау, бас ауруы, терінің, еріннің, шырышты қабаттардың бозаруы, тәбеттің ...

Читать далее »

«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫНА» ҚАТЫСУШЫ ШАБАНДОЗДАР АСТАНАДАН ТҮРКІСТАНҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Астанада «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон бәйгесі басталды. Екінші рет ұйымдастырылып отырған сайысқа биыл 19 команда өте жақсы дайындалған. Төзімділік пен шыдамдылықты, қайсарлықты талап ететін сайыс Астана маңындағы Қаражар ауылынан басталды. Жарыс жолының қашықтығы 1300 шақырымды құрайды және бағыт Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстарын қамтиды. Марафон 19 қыркүйекте Түркістанда аяқталады. Жорық 14 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңнің қашықтығы – ...

Читать далее »

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді. Дұрыс тамақтану ережелері: • Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫН ДАМЫТАТЫН ЖАҢА МАМАНДАР ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР

Түркістан өңірінің рухани-мәдени саласын дамытуға оң қадамдар жасалуда. Бүгін «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде жаңа мамандарды қабылдау бойынша іріктеудің екінші кезеңі өтті. Өнерпаздардың арасынан вокалдық, классикалық, дәстүрлі оркестр жасақталып, би ұжымы іріктелді. Мамандарды Қазақстанның үздік өнер иелерінен құралған кәсіби комиссия бағалады. Бүгінгі күнге 40-тан астам үміткер өз өтінішін білдіріп, соның 21-і өтті. Ал бұған дейін 33 өнерпаз іріктеліп, жалпы 54 маман ...

Читать далее »