Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Төтенше жағдай » Шымкент: шомылу маусымының қорытындысы туралы брифинг өткізілді

Шымкент: шомылу маусымының қорытындысы туралы брифинг өткізілді

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің негізгі қызметтік міндеттерінің бірі қала аумағындағы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
2023 жылы су айдындарында республика бойынша 177 адамның суға бату оқиғасы орын алған, оның ішінде 53 бала. Шымкент қаласы бойынша жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ.
Қалада суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін қала аумағында 5 ресми орын бекітіліп, оның ішінде 3 орында шомылуға рұқсат етілген. Қала аумағындағы барлық 18 аквасаябақтар шомылу маусымында жұмыс атқарды.
Суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында, тыйым салынған 13 орын белгіленген және осы орындарға шомылуға тыйым салынған 135 тақтайшалар қойылған.
Департамент аудан әкімдіктерімен бірлесіп 2023 жылға балаларды, оның ішінде тұрмыстық жағдайы төмен жанұялардың балаларын суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйрету бойынша аквасаябақтардың иелерімен 13 меморандум бекітіп, шомылу маусымында 2300-ден аса бала жүзуге үйретілді.
Сәуір айынан бастап судағы қауіпсізідікті сақтау бойынша 960 рет рейдтік іс-шаралар жүргізілді. (36800 адам қамтылды). Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті, демалыс және мейрам күндері күшейтілген режимде жүзеге асырылды.
Полиция департаментімен бірлесіп өткізілген патрульдеудің нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 364 (жалпы су пайдалану қағидаларын бұзу) бабы бойынша 12 тұлғаға ескерту берілген, 412-бабы бойынша (судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау) 14 тұлғаға 217 350 теңгеге, 440-бабы (спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу) бойынша 8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 77 625 теңге айыппұл салынды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*