Бүгін аудандық аурухана СӨСҚ мамандары тарапынан әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау және жол қозғалысы ережелерін қосымша түсіндіру мақсатында, аудан орталығында орналасқан автобекетте отырған жүргізушілерге және қоғамдық орындарға түсіндіру жұмыстары жүргілізіп, ақпараттық парақшалар таратылды.
Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықтың денсаулығын қорғау және жол-көлік оқиғаларының зардаптарын жою болып табылатындығын және көліктегі құқық бұзушылықтар, негізінен, аса қауіпті, ауыр зардаптардың туындауына және құқық бұзушының өзі үшін ғана емес, басқа да азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіру мүмкін екендігін аудан тұрғындары назарына жеткізді.