Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Төтенше жағдай » Шымкентте «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі

Шымкентте «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі

Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің нұсқаулығына сәйкес Шымкент қаласында 11-12 қыркүйек аралығында «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі. Оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органдары, қаланың азаматтық қорғау қызметтері, №35748, 6506, 10216 әскери бөлімдерінің, төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары қатысады.
Бұл туралы Шымкент қаласы ТЖ департаментінде өткізілген брифингте айтылды. Бас спикер болып төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Төреғали Үркімбаев сөз сөйледі.
Оқу-жаттығу «Жер сілкінісі қаупі туралы ақпарат» сигналынан басталады.
Халықты құлақтандыру үшін 157 бірлік сигналдық-сөйлеу құрылғылары, 26 цифрлық теле және 3 радиоарна, сондай-ақ автомобильдердегі жылжымалы дыбыс күшейткіш қондырғылар (полиция департаменті, денсаулық сақтау басқармасы), «ДАРМЕН» мобильді қосымшасы дайындыққа келтіріледі.
Жер сілкінісінің зардаптарын жоюға 11031 адам және аумақтық қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдарының, әскери бөлімдердің 750 техникасы дайындыққа келтіріледі.
Зардап шеккен халықты жинау мектеп базаларындағы спорт алаңдарында, сондай-ақ қаланың ашық алаңдарында (Ордабасы, Әл-Фараби, Наурыз алаңы, гүлзарлар, қала әкімшілігінің алдында және т.б.) ұйымдастырылады, зардап шеккендерді қаладан эвакуациялау 700 бірлік автобустар мен жоғары жүретін техника жұмылдырылады. Төтенше жағдай аймақтарынан халықты эвакуациялау үшін 123 эвакуациялық пункт дайындалды. Халықты орналастыру үшін 1200 адамға есептелген орындар анықталды және шатырлы қалашықтар, қайтарымсыз шығындар болған жағдайда жерлеу орындары белгіленді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*