Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кезекті мәжілісі өтті. Жиынға құқық қорғау органдары мен жауапты басқармалардың басшылық құрамы және аудан, қала әкімдігінің жауапты өкілдері қатысты. Өткен жылы атқарылған жұмыстар, биылғы 4 айдағы көрсеткіштер сараланып, алдағы жоспарлар бекітілді. Мәжілісті Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жүргізіп, жауаптыларға жұмысты ширату жөнінде тапсырма берді. – Балалардың құқығын қорғау, ...
Читать далее »Месячные архивы: Май 2026
ОТЫРАР АУДАНЫНДА «МУЗЕЙ ТҮНІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Отырар ауданында Халықаралық музей күніне арналған «Музей түні» акциясы өтті. Мәдени іс-шара — ұлттық тарихи-мәдени мұраны насихаттап, көне Отырар өркениетінің тарихи құндылығын кеңінен таныстыруға бағытталған. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмахан қатысып, музей саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерді Алғыс хатпен және музей-қорықтың 45 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапаттады. Сонымен қатар, жиынға Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Айбек Жандосов, ...
Читать далее »СОЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДЕ «ЖАСЫЛ МЕКТЕП» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Созақ ауданындағы бірқатар білім ошақтарында ‘KATKO» компаниясының бастамасымен «Жасыл мектеп» экологиялық бағдарламасы жүзеге асырылуда. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы жоба оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруды көздейді. 2025-2026 оқу жылында 5 мектепті қамтыған жоба аудан орталығындағы А.Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектептен басталды. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру — бүгінгі күннің ...
Читать далее »САУРАН АУДАНЫНДА БАЛМҰЗДАҚ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ
Сауран ауданына қарасты Еңбекші Диқан елді мекеніндегі «Дәморда» өндіріс алаңында жалпы құны 200 миллион теңгені құрайтын балмұздақ шығаратын өндіріс орнын салу бойынша келісім жасалды. Осыған орай, ЖК «TRK Trade» директоры Жарқынбек Момбеков пен Сауран ауданының кәсіпкерлік бөлімі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат аясында тараптар өндірістік жобаны тиімді іске асыру, инфрақұрылымдық қолдау көрсету және инвестициялық ахуалды дамыту бағытында бірлесіп ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвесторларды қабылдап, келіссөз жүргізді. Өңір басшысы инвесторларға облыстың инвестициялық әлеуеті туралы баяндап, бірлесе жұмыс істеуге шақырды. – Түркістан – еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы облыстың стратегиялық маңызын арттыра түседі. Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара қарым-қатынас – достық және стратегиялық серіктестік қағидаттары негізінде дамып келеді және бұл бағытты екі ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖЫЛЫЖАЙЛАР МАУСЫМАРАЛЫҚ КЕЗЕҢДЕ ЕЛ СҰРАНЫСЫНЫҢ 45 ПАЙЫЗЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ
Түркістан облысы жылыжай шаруашылығын дамыту бойынша республикадағы жетекші өңір. Бүгінде еліміздегі жылыжайлардың 72 пайызы облыс аумағында орналасқан. Өңірде жалпы аумағы 1 006,7 гектарды құрайтын 3 366 жылыжай жұмыс істейді. Оның ішінде, жалпы көлемі 62,5 гектар болатын 17 өнеркәсіптік үлгідегі жылыжай және 944,2 гектар аумақты қамтитын 3 503 фермерлік жылыжай бар. Былтыр Түркістан облысында 113 мың тонна көкөніс өнімі өндірілді. Аталған ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ МӘДЕНИ ІС-ШАРА ӨТТІ
Бүгін Түркістан қаласында 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай ауқымды «Музей түні» мәдени шарасы басталды. Жиын «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен таңғы сағат 10:00 мен түнгі 00:00 аралығында жалғасады. Рухани кеште келушілерге тарихи жәдігерлер мен ұлттық құндылықтарды насихаттайтын түрлі мәдени бағдарламалар ұсынылуда. Сондай-ақ, «Музей түні көріністері» көрмесін тамашалау, «Ойлан, тап!» викториналық сайысы, «Экспонат сөйлесін» интерактивті медиа жобасы, «Тарихи ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ «YDA HOLDING» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ХУСЕЙН АРСЛАНМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров түркиялық «YDA Holding» компаниясының басқарма төрағасы Хусейн Арсланмен кездесу өткізді. Басқосуда Түркістанда салынған 570 орындық заманауи аурухананың құрылысын толық аяқтау, өңірдегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Облыс әкімі Түркістанды дамытуға Түркия тарапынан тартылған инвестициялар мен бірлескен жобалар да елеулі үлес қосқанын атап өтті. – Қасиетті Түркістанға қош келдіңіздер. Жуырда ғана ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА ЗАМАНАУИ АКВАПАРК КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысында туризм саласын дамыту бағытындағы ірі жобалардың бірі – заманауи аквапарк кешенінің құрылысы басталды. Жоба облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен шетелдік инвесторлар арасындағы келіссөздер нәтижесінде жүзеге асуда. Түркістан қаласында бой көтеретін демалыс кешенінің жалпы аумағы 120 мың шаршы метрден асады. Жоба аясында су аттракциондары бар аквапарк аймағы, кемпинг форматындағы қонақ үй, қабылдау орталығы мен банкет залын салу жоспарланған. Кешен ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА САММИТ ҚАРСАҢЫНДА АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ИТТЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ
Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті аясында «Жеті қазынаның бірі – ит» тақырыбында асыл тұқымды иттердің көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шарада түркі мемлекеттеріне тән және Қазақстан аумағында таралған ит тұқымдары таныстырылды. Көрмені ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева арнайы тамашалады. Көрмеде әзірбайжандық гурдбасар, анадолылық ақбаш, қырғыз тазысы тайған секілді көпшілік біле бермейтін ит түрлерімен қатар, ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары