Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЛАДА 16 ЕГІЗ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЛАДА 16 ЕГІЗ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН

28 жастағы Қымбат Сарыбайқызы, Раяна, Рәзия және Рәбия есімді үшемді дүниеге әкеліп,алты баланың анасы атанды.
Бүгін анасының және сәбилердің жағдайы жақсарып, облыстық перинаталды орталықтан шығарылды.
— Қазір үш қыздың жағдайы бір қалыпты. Алдағы уақытта да жағдайларын қадағалап, тұрақты түрде бақылап отыратын боламыз- деді перинаталды орталықтың бас дәрігері Гүлбану Жұмағалиқызы.
«Керемет сезім, ештеңе айта алмаймын, қатты қобалжып жүрмін. Бүкіл перзентханаға үлкен алғыс айтамын, дәрігерлері керемет! Құдайға шүкір, жолдасым мен енем жанымда болды. Қазір үйде бүкіл отбасым күтіп отыр, өте қуаныштымын! Болашақта тағы балаларым болады деп ойлаймын», — деп Қымбат әсерімен бөлісті.
Қала әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы көпбалалы отбасыға қала әкімнің құттықтауын жеткізіп, арнайы сыйлықтарды табыс етті. Жалпы жыл басынан бері Түркістан қаласында 3740 нәресте туылса, оның 16-ы егіздер.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*