Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков, аудан прокуроры Даулет Тлемисов, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаменті Сайрам аудандық бөлімінің басшысы А.Абдраман, Сайрам ауданы полиция басқармасының бастығы Б.Зиятаев және тиісті аумақтық мекеме басшыларымен бірге аудандық соттың төрағасы Дүйсебеков Құрманғали Дүйсебекұлын және ұжымын Қазақстан Республикасының кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Ұласбек Сәдібекұлы: «Құрметті сот төрағасы және сот жүйесінің қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Бұл мереке биыл алғаш рет аталып өтуде.
Сот жүйесі Қазақстан Республикасының Конституция заңына сәйкес, мемлекеттегі әділдіктің, қауіпсіздіктің, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, қоғамның тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етеді.
Осындай маңызды мәселелерді шешу қызметкерлерден жоғары кәсіби біліктілікті, адалдық және жауаптылықты талап етеді.
Осы орайда, ауданның сот жүйесінде қызметтік міндеттеріңізді адал атқарып, жоғары жетістіктерге қол жеткізгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін.
Ауданның өсіп-өркендеуіне өздеріңіздің қажырлы еңбектеріңізді жалғастыра отырып, сонымен қатар құқықтық үлестеріңізді әрі қарай қоса беретіндеріңізге сенемін.
Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.
Халық алдындағы абыройларыңыз жоғары, қызметтеріңіз табысты бола берсін!», — деді.
Аудан әкімі сот төрағасынан бастап, аудандық соттың судьясы Тойжанова Дина Жанұзаққызы, бас маман-сот отырысының хатшысы Шәдірбеков Бексұлтан Нұрсейітұлы, сонымен қатар бас мамандар Пернебек Едіге Даниялұлы және Кенесов Серік Мэльсұлын алғыс хаттармен марапаттап, ұжымға сый-сияпат табыстады.
Келесі сөз кезегінде құқық қорғау органдарының басшылары ізгі тілектері мен алғыстарын жеткізді.
Ал, сөзді қорытындылаған аудандық соттың төрағасы Қ.Дүйсебеков барлық басшыларға ризашылығын айтып, өзінің қарамағындағы 20-ға жуық қызметкерінің жұмыстарына табыс тіледі.