Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаменті 2022 жылдың 15 маусым — 27 шілде аралығында Түркістан облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстарын жүргізуді бастады.
Құрметті желі қолданушылары, егер де, аталған сала қызметіне қатысты Сіздің қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.
Барлық проблемалық сұрақтар мен бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша жоғарыда көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.
Мекен-жайымыз: Түркістан қаласы, Тәуке хан көшесі, 100
Байланыс: +7 (72533)26932
Эл.почта: anticor13@mail.ru
Естеріңізге саламыз, Сіздің ашық ұстанымыңыз бен азаматтық белсенділігіңіз — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда аса маңызды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына Бірге тосқауыл болайық!