Бүгін Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде жазғы маусымда жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру және жасөспірімдердің өз — өзіне қол жұмсау фактілер мен алдын-алу жұмыстары талқыланды.
Комиссия шешімімен ауданда кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, жат әдет- қылықтардын аулақ болуы, қажетті деңгейде білім мен тәрбие алуы, олардың құқықтарының қорғалуы тиісті мекеме басшыларына жүктелді.
Кемшіліктерге жол берген қызметкерлер мен бала тәрбиесіне немқұрайлық қараған ата-аналарға шара көру бойынша шешім қабылданды.