Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Сыбайлас жемқорлықпен күресті бірге жүргізуге шақырды

Сыбайлас жемқорлықпен күресті бірге жүргізуге шақырды

Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамада» әлеуметтік дертпен күресте азаматтық қоғамның рөлін күшейту, оның ішінде қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылған.
Осы бағытта бүгін, 19 тамыз 2022 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу үшін Қазығұрт аудандық қоғамдық кеңесі төрағасы А.Жылқыбаев, қоғамдық кеңестен құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия төрағасы А.Сманов, аталмыш комиссия мүшесі Б.Серікбаев, Қазығұрт ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық, заң және терроризмге қарсы іс-қымыл бөлімшесінің бас маманы А.Еркінбековтер Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен отырыс өткізді. Жиын барысында А.Еркінбеков және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы К.Кулимов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы баяндамалар жасады. Жиын сонында сұрақ-жауап болып, ұсыныстар айтылды. Қорытынды сөзді А.Сманов сөйлеп, жиынға қатысып отырған азаматтарды қоғам дерті саналатын сыбайлас жемқорлықпен күресті бірге жүргізуге шақырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*