«Жолда қабылдау акциясы» Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің азаматтарды қабылдау бөлмесінде жалғасын табуда.
Қазақстан Республикасы ІІМ- нің тапсырмасына сәйкес республикалық » Жолда қабылдау» акциясы аясында 2022 жылдың 17-18 маусым күндері Бәйдібек АПБ- ның ұйымдастыруымен Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі 93/1 мекен жайында орналасқан азаматтарды қабылдау бөлмесінде «Жолда қабылдау» акциясы өткізілуде.
Акция барысында Бәйдібек АПБ-ның бастығы, полиция полковнигі Руслан Ендібаев, Бәйдібек АПБ ӘПБ бастығы, полиция майоры Мейірбек Мырзабаев қатысып, азаматтарды қабылдап, сұрақтарына жауап берді.
Жалпы акция аясында 20-дан аса азамат жүгініп, азаматтар тарапынан көшелерде жол белгілерін қою, мектептердің алдына және оқушылар өтетін көшелерде жасанды жол кедергілерін орнату, айыппұлдар өндіру жөнінде сұрақтар қойылып, бөлім бастығы мен орынбасарлары тарапынан жауаптар беріліп, алдағы уақытта орындалатын бірқатар мәселелер бөлім басшысының бақылауына алынды.