Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » «ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

«ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 14.06.2022 жылғы нұсқауына сәйкес, 2022 жылдың 27-29 маусым аралығында Бәйдібек ауданы аумағында «Түнгі қаладағы балалар» алдын алу іс-шарасы өтуде.
Аталған шараның негізгі мақсаты кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар мен оларға қатысты қылмыстың алдын алу болып табылады.
Елімізде заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден кейін компьютерлік клубтарда, ойын-сауық орындарында болуға және 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған.
Іс-шараның алғашқы тәулігінде аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі С.Сағынбаев, жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Б.Ақбердиев пен Ювенальды полиция тобының қызметкерлері аудан орталығында жасөспірімдер шоғырланатын ғимараттарға, ойын-сауық кешендеріне, дүкендер мен көңіл-көтеретін орындарға жасалған рейдтік шара барысында тұрғындарға ҚР ӘҚБК-нің 442 бабы 1 бөлігі Кәмелет жасына толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден кейін ойынхана ошақтарында болғаны үшін заңды өкілдеріне 3 АЕК есебінде айыппұл салынатындығы ескертілді.
Сондай-ақ, осы заңның 442 бабы 2 бөлігіне сәйкес кәмелет жасына толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23:00-ден кейін болуына байланысты 6 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылды.
Барлық сыртқы қызметтер, әсіресе тәуліктің кешкі және түнгі уақытында қоғамға қарсы бағыттағы кәмелетке толмағандардың топтарын анықтауға, олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізу, жеке басын және ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ілесіп жүруінсіз осы немесе өзге де орындарда болу себептерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*