Бүгін Бәйдібек ауданы прокуратурасы, соты және полиция бөлімі арасындағы «Үш буынды модель», «Медиация» және «Профилактика» тақырыбында бірлескен кеңес өтті.
Кеңес отырысына Бәдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков, аудан прокуроры Нұрлан Ешенқұлов, сот төрағасы Медетбек Сәрсенов, полиция бөлімінің бастығы Руслан Ендібаев, аудан әкімінің орынбасарлары, қоғамдық кеңес төрағасы Бақыт Омарбеков, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағдат Қалаубай, ауылдық округінің әкімдері, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, кәсіби медиаторлар мен қорғаушылар және БАҚ өкілдері қатысты.
Құқық қорғау қызметіне жүргізілген модернизациялау Мемлекет басшысының 01.09.2020ж. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында Қазақстанда өкілеттіктердің ара жігі нақты ажыратылған үш буынды модель құру туралы және 19.12.2020ж. №384-IV «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына әрекет ету болып табылады.
Үш буынды модель енгізілуімен прокурор-қылмыстық процеске қатысушы негізгі тұлғаға айналып, оның шешімі қылмыстық процестегі басты шешімнің бірі болатынын айқындап берген, соңғы өзгерістер бойынша прокурордың бес негізгі шешімді міндетті түрде мақұлдауы көзделген.
Осы мәселе шеңберінде ауданда атқарылған оңды жұмыстар мен жол берілген кемшіліктер, енгізілген жаңа үлгінің нәтижелері туралы аудан прокурорының орынбасары Ғ.Тұрманов баяндама жасап, қатысушылармен алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстар бірлесе талқыланды.
«Медиация – тиімді шешім» тақырыбында ой бөліскен Бәйдібек аудандық сотының судьясы Ж.Қосалбаев, Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы 2011 жылы қабылданғанын, медиаторлардың көмегіне жүгінудің бірнеше артықшылықтарын тізбектеп, яғни дауды уақыт созбай, қысқа аралықта шешуге болатынын, дауды сотқа дейін жеткізбей шешу, қағазбастылықтан арылатыны атап көрсетілді. Сонымен қатар, ең бастысы олар уақытты, ақшаларын үнемдеуге және жүйкені тоздырмауға көмектесетіні жеткізілді.
Ал полиция бөлімі бастығының орынбасары С.Бисенбаев ҚР Президентінің Жолдауында аталған цифрлы технологияны жетілдіру тапсырысы шеңберінде ауданда қылмыстық, әкімшілік істерді электронды форматта жүзеге асырылуы бойынша тиісті баяндама жасады және істердің электронды форматта жүзеге асырылуын 100 пайызға жеткізу жолдары ұсынылды.
Талқыланған мәселелер бойынша тараптар өзара пікір алмасып, сөзден іске көшетін уақыт келгенін ескеріп, бірлесе жұмыс атқару жөнінде тиісті шешімдер қабылданды.