Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ҚР «ЖӘБІРЛЕНУШІЛЕРГЕ ӨТЕМАҚЫ ҚОРЫ» ЗАҢЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

ҚР «ЖӘБІРЛЕНУШІЛЕРГЕ ӨТЕМАҚЫ ҚОРЫ» ЗАҢЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

2020 жылының 1-шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының «Жәбірленушілерге өтемақы қоры» Заңына (ары қарай — Заң) байланысты жәбірленушілерге тиесілі өтемақыларды төлену процессі басталды, деп хабарлайды Арыс ауданының прокуратурасына сілтеме жасаған jetgpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Жәбірленушілерге өтемақы қоры – ол заңнамада көзделген тәртіппен ақша түсімдерін есепке жатқызу және жәбірленушілерге өтемақы төлемін жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты болып табылады.
Бұл төлемдерге қылмыстық процессі барысында Заңының 6-бабында көзделген қылмыстар түрлері бойынша жәбірленуші болып табылған тұлғаның құқығы бар.
Заң талаптарына сәйкес қазынашылық органдарымен Түркістан облысы бойынша 2020 жылында 2 млн.тенгеге 16 төлем, 2021 жылы 2 млн.тенгеге 34 төлем, 2022 жылының 5-айында 2,8 млн.тенгеге 10 төлем төленген.
Адам жәбірленуші деп танылғаннан кейін ол қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органға өзіне өтемақы тағайындау туралы өтініш жасауға құқылы, өтінішке қоса өзінің процестік статусын дәлелдейтін құжаттарды қоса тіркеу қажет.
Осыдай кейін қылмыстық қудалау органы тарапына 10-тәуілік ішінде шешім қабылданып, өтініш иесіне қарау нәтижесі туралы жауап беріледі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*