Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабы 1-бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
«Бала құқығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес әрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар. Баланың денсаулық сақтауға құқығы балалар үшiн сапасы тиiстi деңгейдегі тағам өнiмдерiнің өндiрiлуiне және сатылуына бақылау жасау және т.б. шаралар арқылы қамтамасыз етiледi.
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2021 жылғы № ҚР ДСМ-76 бұйрығында тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтану ұйымдарында дайындауға және өткізуге жол берілмейтін азық-түлік өнімдері бекітілген.
Дайындауға және өткізуге тыйм салынған өнімдер тізіміне газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда), фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды, ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштер енгізілген.
Аталған заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген талдау жұмыстары нәтижесінде Арыс ауданы прокуратурасымен көрсетілген өнімдер жергілікті мектептерде сатылымда болғаны анықталуына байланысты заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізіліп, балалардың құқықтары қорғалды.
Арыс ауданының прокуроры Т.С. Сейдуалиев