Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күні» мен «Қазақстан полициясы күніне» арналған салтанатты кеш өтті.
Салтанатты шараның басы арнайы дайындалған «Мемлекеттік қызметшінің бір күні» айдарының бейне ролигімен бастау алды.
Мерекелік іс-шараға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Асан Маханбетов пен аудан прокурорының орынбасары Мақсат Ералиев, аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Есімжан Надиров пен аудандық мәслихат аппаратының басшысы Сұңғат Амангельдиев, «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Әділхан Асауов пен аудандық мәслихат депутаты Мамырайым Шылмырзаев, мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің айнасы.
Қазақстан полициясы – қоғамдағы құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еліміздегі аса маңызды құрылымдардың бірі. Полицейлердің кәсіби біліктілігі мен сертіне беріктігінің арқасында қоғамда тұрақтылық қалыптасып, адамдардың құқық қорғау органдарына сенімі арта береді.
Елдің, ұлттың мәртебесін көтеретін, абыройын асқақтататын бүгінгі мереке иелерін аудан әкімі м.у.а Асан Жақыпбекұлы арнайы құттықтап, ерең еңбегімен көзге түскен әр салының үздңк қызметшілерін марапаттады.
Сонымен қатар, «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Әділхан Асауов пен аудандық мәслихат депутаты Мамырайым Шылмырзаев құттықтау сөзге шығып, партия тарапынан және аудандық мәслихат тарапынан бір топ мемлекеттік қызметшілерді марапаттады.
Салтанатты шараның соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, мемлекеттік қызметшілерге мерекелік көңіл күй сыйлады.