Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША МЕКЕМЕАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША МЕКЕМЕАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен қылмыстылықтың алдын алу бойынша мекемеаралық жиналыс өтті.
Жиынға аудан әкімі Мұрат Болатұлы мен аудан прокуроры,аға әділет кеңесшісі Айдархан Жорықбайұлы, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Есімжан Надиров пен аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары, аудан прокурорының орынбасары мен аудан прокуратурасының прокурорлары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Мәжілісті аудан прокуроры Айдархан Жүнісбеков жүргізді.
«Құқықбұзушылық профилактикасы, және жол көлік оқиғаларының алдын алу жағдайы» бойынша Жетісай ауданы прокуратурасының прокуроры Мұхтар Әлжанов баяндама оқыса, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Прімбеков пен Жетісай аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Есімжан Надиров, аудандық тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Нұркен Әлмештен жоғарыда аталған мәселе бойынша атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалып, талқылау жүргізілді.
Жетісай аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Есімжан Надиров пен аудандық тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Нұркен Әлмештің қылмыстың алдын алу бойынша арнайы камераларды орнату туралы ұсыныстары қаралды. Алдағы уақытта аудан көлемінде арнайы сергек камералары қойылатын болады.
Жиналыстың қорытындысына сәйкес, құқық қорғау органдары мен құзырлы органдарға тиісінше тапсырмалар берілді. Аталған тапсырмалар көрсетілген мерзімдерінде орындалмаған жағдайда тиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралатындығы туралы қатаң ескертілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*