Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының үйлестіруімен Төлеби ауданында жолаушыларды заңсыз тасымалдауға қарсы құзырлы органдармен рейдтік іс-шара өткізілді.
Арнайы рейдтік іс-шара «Заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою, жол-көлік оқиғаларын алдын алу туралы» Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес өтті. Шара нәтижесінде 10 автокөлік тоқтатылып, 9 ескерту берілді және 1 әкімшілік хаттама толтырылды. Мұндай рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.