Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ТҮРКІСТАН: ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛҒА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ІС-ШАРА ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛҒА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының үйлестіруімен Шардара қаласында жолаушыларды заңсыз тасымалдауға қарсы құзырлы органдармен рейдтік іс-шара өткізілді.
Арнайы рейдтік іс-шара «Заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою, жол-көлік оқиғаларын алдын алу туралы» Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес өтті. Шара нәтижесінде 5 әкімшілік хаттама толтырылды. Мұндай рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*