Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. 2022 жылдың 21 маусым күні “Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу” тақырыбында дөңгелек үстел. Отырар аудандық аумақтық ветеринариялық-санитариялық инспекциясы қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлық және қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүзеге асырылған іс-қимылдар, сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында қабылданған заңнамалық актілер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Біз кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.