Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою — баршамыздың парызымыз. Сыбайлас жемқорлық бұл – қызметтік лауазымды пайдалана отырып, оны жеке мүддеге пайдалану. Жемқорлық, әсіресе мемлекеттік органдарда қауіпті. Тәжірибе көрсеткендей, жемқорлық мемлекеттік басқару жүйесін бұзады, экономиканың дамуына шектеу қояды, әсіресе экономика саласында ұйымдасқан қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді.
Алайда, көп жағдайда азаматтардың өзі лауазымды қызметкерлердің осындай қадамға баруына себепші болады. Сондықтан да, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»заңы бойынша «алушыға» ғана емес, «берушіге» де жауапкершілік артылған.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтын алдын алу мақсатында «Жастар ресурстық ортылығы» КММ қызметкерлері Мақтаарал ауданына қарасты Мырзакент кенті аумағында адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындарда «ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» АКЦИЯСЫ аясында арнайы таратпа қағаздары таратылып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Акцияның негізгі мақсаты: Жемқорлық мемлекет пен қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет екенін тұрғындарға насихаттау. Сыбайлас пен жемқорлыққа түбегейлі күресу үшін халық арасында түсіндіру жұмыстарын арттырудың маңызы зор.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*