Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» тақырыбында флеш-моб өткізілді

«Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» тақырыбында флеш-моб өткізілді

«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы Леңгір қалалық емханасының психологтары мен әлеуметтік қызметкерлерімен жалғасуда.
Төлеби ауданы аумағында ағымдағы жылдың маусым айының 13-21 күндері аралығында өтіп жатқан акция аясында Леңгір қалалық емханасында ашық есік күні ұйымдастырылды. Акция аясында әйелдерді және балаларды тұрмыстық жағдайда зорлық-зомбылық жасаудың алдын-алу, оларды болдырмау, болған жағдайда тиісті шаралар қолдану екенін түсіндіру мақсатында Төлеби АПБ-нің жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы полиция капитаны Боташева Ақмарал Амантайқызы және Леңгір қалалық емханасының психологы Құлжанова Зарина Қамбарбекқызы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бойынша зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда не істеу керегі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жаднамалар таратты. Сондай-ақ емхана қызметкерлерімен «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» тақырыбында флеш-моб өткізілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*