Бүгін, Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мәжіліс залында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы » атты жиын болып өтті.
Жиынға «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы РҚБ ТО филиалы төрағасының орынбасары, Жетісай ауданының мәслихаты депутаты Мырзаханов Алладин, » Amanat» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, Жетісай ауданының мәслихаты депутаты Айбек Сұлтанмұрат, Жетісай қаласының әкімінің орынбасары Ербол Сауырбаев және «Жетісай — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы, аудандық Жастар ресурстық орталығы КММ-нің басшысы Нұрлыбек Сағынбекұлы Мутаев және ауданның белсенді жастары қатысты.
Жиын барысында шара қонақтары құқық бұзушылықтарды азайтуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған заңдарды қатаң сақтау қажеттілігі жайында атап өтті. Сыбайлас жемқорлықтың туындауына байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Қоғамда белең алған бұл індеттің алдын алып, жұмыла күресуге шақырды. Белсенді жастар өз ойларын білдіріп, сұрақтарына жауап алды.