Төлеби ауданы аумағында ағымдағы жылдың маусым айының 13-21 күндері аралығында өтіп жатқан акция аясында Леңгір қалалық емханасында ашық есік күні ұйымдастырылды. Акция аясында әйелдерді және балаларды тұрмыстық жағдайда зорлық-зомбылық жасаудың алдын-алу, оларды болдырмау, болған жағдайда тиісті шаралар қолдану екенін түсіндіру мақсатында Төлеби АПБ-нің жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы полиция капитаны Боташева Ақмарал Амантайқызы және ЮПТ-ның КТІЖ аға иснпекторы полиция майоры Камалов Мұрат Асанұлы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бойынша зорлық-зобылыққа ұшыраған жағдайда не істеу керегі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, балалармен «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында суреттер салдырып, жаднамалар таратты.