Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Халыққа қызмет ету-құрметті мамандық!

Халыққа қызмет ету-құрметті мамандық!

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы Төлегенқызы Гүлмира және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтардың құқықтық негіздері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Райымкулов Жолдас Насырұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Шардара қаласы әкімінің аппаратының қызметкерлеріне заң талаптарын, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда қолданылатын жаза түрлерін түсіндіріп өтті.
Алғашқы сөз берілген Гүлмира Төлегенқызы өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселелерінде Агенттікпен жүзеге асырылып жатқан негізгі бағыттарға тоқталып, статистикалық көрсеткіштерді атап өтті.
Сондай-ақ, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға қолданылатын жаза түрлерін, соңғы жаңашылдықтар туралы мәлімдеп, «Халыққа қызмет ету-құрметті мамандық»,- деп қорытындылады.
Келесі кезекте сөз алған Жолдас Насырұлы «Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен баршамыз бір кісідей атсалысып, күресуіміз қажет»-деді.
Жиналыс соңында қала әкімі Олжас Қалмұхаммедұлы Гүлмира Төлегенқызына және Жолдас Насырұлына алғысын айтып, жиналысты қорытындылады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*