Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Бүгін «Тиімді көмек» жобасы аясында Көкмардан, Шәуілдір ауылдарының тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов, Отырар аудандық прокуратурасының прокуроры Нұрман Әлиханов, дербес бөлім мен мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесуде алғаш сөз алған аудан әкімінің орынбасары: «Құқық бұзушылықтарды анықтау және жою мақсатында өткен жоба шеңберінде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың профилактикасы, жер мәселесі, қоғамда әлеуметтік шиеленістерді тудыруы мүмкін проблемаларды болдырмау бойынша қабылданған шаралар, кәмелетке толмағандар мен жұмыссыздық деңгейін төмендету мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалып, анықталған кемшіліктер негізінде мемлекеттік органдарды, мерзімдер мен жауапты адамдарды белгілей отырып оларды жою бойынша жұмыстар атқарылатын болады»-деді.
Жиын барысында Көкмардан ауылының тұрғындары Көпжасар Асанхан мен Гүлжан Айтқұл ауыл шаруашылығы саласында шаруаларға берілетін жеңілдетілген жанар-жағар майды алу, А.Дәрібаев атындағы жалпы орта мектебінде ауыз судың қысымының аздығы, учаскелік полиция ауылда рейдтік іс-шара жүргізіп мал ұрлығының алдын алу, құқық бұзушылыққа қарсы шаралар қабылдау секілді жұмыстарды ұйымдастыру бойынша талап-тілектерін айтса, Шәуілдір ауылының тұрғындары аяқ жолдар салу, тұрғын үйлерге газ құбырларын тарту, көшелерді асфальттау секілді мәселелер бойынша жүгінді.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша қойылған сұрақтарға жауап берген аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Тұрсынбек Қалау шаруаларға берілетін жанар-жағар май жеткілікті екенін, қажет болса алдын ала тапсырыс берілсе ауылдарға жеткізіп беруге болатынын, өзге де керекті ақпаратты ауыл округі әкімінен ала алатынын жеткізді. Сондай-ақ өзге де тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жеке-жеке жауаптар беріліп, жұмыстардың орындалуы аудан прокуроры мен аудан әкімі орынбасарының бақылауына алынды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*