Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » «ЗАҢСЫЗ КЕЛУШІ» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

«ЗАҢСЫЗ КЕЛУШІ» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, Қазығұрт ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен 2022 жылдың маусым айының 27-і мен шілде айының 04-і күндері аралығында «Заңсыз келуші» профилактикалық шарасы жүргізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты -көші-қон заңнамасын сақтау бойынша шетелдіктер мен қабылдаушы адамдар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, заңсыз көші-қон арналарымен оларды ұйымдастырушыларды анықтау. Сонымен қатар Қазақстан Республикасына келіп кетуі мен республикада болу ережелерін сақтау болып табылады.
Ағымдағы жылдың 27 маусым — 4 шілде аралығында «Заңсыз келуші» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы ауданда аумағында өуде. Аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары м.а. Қ.Қалманов, әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі М.Бөрібеков, Көші-қон қызмет тобының аға инспекторы полиция капитаны Е.Айтбаевтар іс-шараның алғашқы тәулігінде 20 әкімшілік құқық бұзушылық анықтап, тиісті хаттама толтырылды.
Ауданымызға шет елден келген азаматтардың заңсыз жүруін болдырмау мақсатында ұйымдастырылған іс-шара алдағы күндерде де жалғасатын болады.
Сонымен қатар шетел азаматының заңсыз еңбек күшін пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы «Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту» бойынша 1 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы профилактикалық шаралар полицейлер тарапынан әлі де жалғасын таба бермек.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*